Қорытынды:
Химизмі: Пероксидаза Н2О2 – ні суға және атомарлы оттекке ыдыратады, ал атомарлы оттек гидрохинонды қоңыр түсті хинонға тотықтырады:
Н2О2--------------> Н2О+(О)
Пирогаллолдың тотығуы.
Анықтау әдісі:Гидрохинон ерітіндісінің орнына 4 пробиркаға да 10 тамшыдан 2 % пирагаллол ерітіндісі құйылады. Осы пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін, бірінші пробиркада қызыл түс пайда болады және қызыл тұнба түседі.
Химизмі: Желкек сығындысындағы пероксидаза әсерінен сутегі асқын тотығы атомды оттекке және суға ыдырайды. Атомды оттек қатысуымен пирагаллол тотығып, қызыл түсті пурпургаллин түзеді.
Реактивтер
№ 1
№ 2
№ 3
№ 4
1.2% пирогаллол ерітіндісі
10 т
10 т
10 т
10 т
2.3% Н2О2
10 т
10 т
10 т
-
3. Желкек сығындысы
10 т
-
-
-
4. Қайнатылған желкек сығындысы
-
10 т
-
-
5. Дистелденген су
-
-
10 т
10 т
Қорытынды:
Иодты калий сынамасы.
Анықтау әдісі: екі пробиркаға 20 тамшыдан сүт тамызады. Екінші пробиркадағы сүт қайнатылып, суытылады. Содан кейін, екі пробиркаға да 10 тамшыдан 1 % крахмал ерітіндісі, 2 тамшы 10 %KI және 5 тамшы 0,5% сутек асқын тотығы құйылады. Араластырылғаннан кейін бірінші пробиркадағы ерітінді көк түске боялады. Екінші пробиркадағы ерітіндінің түсі өзгермейді.
Пробиркалар
№ 1
№ 2
Реактивтер
Сүт
20 т
20 т
қайнағанға дейін қыздырып салқындату
1 % крахмал ерітіндісі
10 т
10 т
10 % калий иод ерітіндісі
2 т
2 т
0,5 %Н2О2 ерітіндісі
5 т
5 т
Реакция нәтижесі
№ 39-ЖҰМЫС. Каталазаның әсерін зерттеу.
Жануар организмінде тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тек су түзіліп қоймайды, сонымен қатар аз мөлшерде сутек асқын тотығы түзіледі. Бұл жасуша уы. Фермент каталаза осы улы өнімді суға және молекулалы оттекке ыдыратады. Каталаза ферменті әсіресе сүт қоректілердің бауырында және қанда көп.
Анықтау әдісі: Екі пробиркаға сұйытылған (1:10) 10 тамшы қаннан тамызып, бір пробирканы қайнатады (ферментін бұзу үшін). Суытқаннан кейін екі пробиркаға 10 тамшыдан 3%сутек асқын тотығын тамызады. Сұйылтылған қан бар пробиркадан газ көпіршіктері бөлінгенін байқайды.
Химизмі: Қанның құрамындағы каталазаның әсерінен сутек асқын тотығының ыдырауы жүреді:
Н2О2 ► 2Н2О + О2 Оттек көпіршіктер түрінде бөлінеді.
7.Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері: білім және практикалық дағды.
1)білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 50%).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Moodle dis.kaznmu, Hero Study платформаларында ауызша және жазбаша сұрау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 50%).
2)практикалық дағды, баға – сабаққа қойылатын суммативті бағаның 40% (зертханалық жұмыстардың орындалуы мен оның нәтижелерінің рәсімделуін бақылауды және кейстерді шешуді қамтиды).
Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: баға – суммативті бағаның 40% Moodle dis.kaznmu, Hero Study платформаларында (зертханалық жұмыстардың хаттамалары мен оның нәтижелерінің рәсімделуін және кейстерді шешуін тексеруді қамтиды)..
3) БОӨЖ, БӨЖ тапсырмалары: суммативті бағаның 10% Moodle dis.kaznmu, Hero Study платформаларында орындау.
Жаттығулар: Пиридин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
Қандай цитохромда гемоглобиннің геміне ұқсас гем бар? Гемнің формуласын жазыңыз, рационалды атын атаңыз.
А тобы цитохромдарының бір-бірінен айырмашылығы неде?
А тобының цитохромдарының С тобының цитохромдарынан айырмашылығы неде?
КоQН2 тотыққанда не болады?
Цитохромс1 гемінің формуласынжазыңыз.
Цитохром с-дан цитохром а3-ке дейін электрондарды тасымалдауда цитохром а-ның биологиялық рөлі. Неліктен кері бағытта электрондардың тасымалдануы жүрмейді?