механизмі. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар. Ферменттердің әсерін тежеу түрлері. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың жауаптары:
1. Ферменттер, анықтамасы. Ферменттер- табиғаты белоктық заттар болып келетін биологиялық катализаторлар, олар
жануар ағзасындағы биохимиялық реакциялар-ды жылдамдатады, немесе тежейді.
2. Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлар-мен ұқсастықтары: 1)Фермент пен бейорганикалық катализаторлар активтену энергиясын төмендетеді;
2) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар энергетикалық мүмкіндігі бар
реакцияларды ғана тездетеді;
3) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакциялардың бағытын, тепе- теңдігін
өзгертпейді, тек оның тепе- теңдікке жетуін тездетеді;
4) Фермент пен бейорганикалық катализаторлар реакция кезінде жұмсалмайды және
өнімнің құрамына кірмейді.
3. Ферментативтік катализдің механизмі. Ферменттің үш әсер ету сатысын айқын көрсетуге болады:
1) фермент- субстрат комплексінің түзілуі; 2) фермент- субстрат ком-плексінің фермент-
өнім комплексіне айналуы; 3) фермент- өнім комплексінің фермент пен өнімге ыдырауы.
4. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жалпы қасиеттері сонымен қатар олардың бейорганика-лық
катализаторлардан айырмашылықтарын да көрсетеді.
- ферменттердің табиғаты белоктық болғандықтан, олар белоктың он түрлі қасиеттерін
көрсетеді;
- ферменттердің құрылысы өте күрделі;
- ферменттер өте жоғары субстраттық және абсолюттік арнайылықты көрсетеді;
- ферменттер өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді, ол ферменттің субстратқа
деген ынтықтығынан туады және олар активтену энергиясын өте қатты төмендетеді.
ферменттің белсенділі-гінің өлшем бірлігі – катал;
- ферменттер өте жайлы жағдайда әсер етеді;