Биохимия кафедрасы


Ацилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
13. Ацилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері. 
 Ацилтрансферазалар ацилдену реакцияларын тездетеді , яғни карбон қышқылдарының 
қалдықтарын тасымалдайды. Егер олар сірке қыш-қылының қалдығын тасымалдаса оларды 
ацетилтрансферазалар деп атайды. Карбон қышқылдарының қалдықтары ферментпен 
макроэр-гиялық байланыс арқылы қосылады. Бұл ферменттер екі компонентті, коферменті 
НSKoA(пантотен қышқылы+ аденозин-3- монофосфат+ фосфор қышқылының 2 қалдығы+ 
тиоэтаноламин). Функционалдық тобы тио топ –SН болғандықтан кофермент НSKoA түрінде 


66 
жазылады. Ферменттің субстратқа қосылуы коферментті активтендіреді. Сірке қышқылының 
активті формасы ацетил- KoA деп аталады. 
14. Фосфотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері. 
Фосфотрансферазалар (киназалар) фосфорлану реакцияларын тездетеді, олар фосфор 
қышқылының қалдығын тасымалдайды. Олар бір компонентті жай ферменттер, көбі 
төртіншілік құрылымға ие, аллостерикалық орталықтары болады. Фосфор қышқылының көзі 
ретінде АТФ-ті пайдаланады. Егер ол макроэргиялық байланысы сақтала тасымалданса, онда 
реакция қайтымды болады, ал ондай байланыс сақталмаса реакция қайтымсыз болады: 
ÑOOÍ
ÀÒÔ ÀÄÔ 
C NH
N ÑÍ


2
ÑÍ
2
ÑOOÍ
C NH
N ÑÍ

HN
ÑÍ
2

Ð

O
Êðåàòèí
Êðåàòèí ô î ñô àò
ÀÒÔ ÀÄÔ 
 
АТФ + глюкоза → АДФ + глюкоза -6- фосфат 
 
Студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер 
1.Төмендегі реакцияны қандай фермент тездетеді? Қай класқа жатады? 
АТФ + глюкоза → АДФ + глюкозомонофосфат 
2.СН
3
СНNH
2
-COOH + ? → COOH-(CH
2
)
2
CHNH
2
COOH + CН
3
CO-COOH 
Реакция түрін атаңыз, қандай ферментпен тездетіледі, реакцияға қандай зат қатысады? 
3. Креатин + АТФ → АДФ + креатинфосфат. Реакцияны қандай фермент жылдамдатады? 
Ол қандай класқа жатады? 
4. COOH14(CH2)rCHNH2COOH → COOH-(CH2)r-CH2NH2 + CO2 
Реакция түрін атаңыз. Қандай ферментпен тездетіледі? Ферменттің құрылысы қандай? 
5. ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Реакцияны тездететін 
негізгі ферменттерді атаңыз. 
6. В6 витамині қандай ферменттің құрамына кіреді? Осы фермент тездететін реакцияны 
жазыңыз. 
7. Пируватдегидрогеназа деген не? Қандай реакцияны тездетеді? 
8. – аланин мен – кетоглутар қышқылының қоспасына қосылды: біріншісіне- бауыр 
гомогенаты, екіншісіне – алдын-ала қайнатылған бауыр гомогенаты. Пробиркаларды 


67 
оптималды температурада 30ми-нутқа қойды. Қандай реакция жүрді? Қай пробиркада? 
Қандай өнім түзілді? Реакция теңдеуін жазыңыз. Бір пробиркада реакция жүрме-ді, неге? 
Түсіндіріңіз. 
9. Пирожүзім қышқылын декарбоксилдегенде бір жағдайда сірке альде-гиді, ал екінші 
жағдайда ацетил- КоА түзіледі. Айырмашылықтары неде? 
10. 
Амилаза ерітіндісін 3 пробиркаға құйды. Бірінші пробиркадағы ері-тіндінің рН- 
1,5, екіншісінікі- 6,8, үшіншісінікі- 8,0.Одан кейін барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісін 
құйды да бөлме температурасын-да біраз уақытқа қалдырды. Пробиркаларға Люголь 
реактивін қос-қанда бірінші пробирканың түсі қоңыр-көк, екіншісінікі- қызыл- қоңыр түске 
боялды. Бұл нені көрсетеді? 
11. 
Белок → полипептид → амин қышқылдары 
Сахароза → глюкоза + фруктоза 
Мальтоза → 2 глюкоза 
Лактоза → глюкоза + галактоза 
Қандай ферменттер реакцияларды катализдейді? Олар қандай класқа жатады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет