53
19.т – РНҚ, құрылысы, атқаратын рөлі.
т-РНҚ цитоплазмада болады. Барлық клеткадағы РНҚ-ның шамамен 5% құрайды.
Молекулалық массасы -20000 Д, 73-93 нуклеотидтерден тұрады {с. 16). т-РНК
негізгі
рөлі тасымалдау және мРНҚ-ның кодонына комплементарлы сәйкес түрде амин
қышқылдарын орналастыру.
т-РНКның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу
реті мРНҚ-ның кодонына
комплементарлы түрде болатын бөлім. .
Барлық т-РНК-ның біріншілік құрылымымен қатар, екіншілік құрылымы да болады.
Екіншілік құрылымы барлық т-РНК үшін әмбебап екендігі көрсетілді. Денатурацияға
ұшыраған т-РНК-ның молекуласының түрі жоңышқаның жапырағындай, үш жапырақты
болып келеді. Активсіз күйде оралып домалақтанған.
т-РНК-ның молекуласында
акцепторлық сабақша аймағы бар, ол барлық т-РНКда бірдей ЦЦА (5′→3′)
нуклеотидтерден тұрады. Бұл жерге амин қышқылдары жалғасады. Амин
қышқылдарының т-РНК-мен қосылуының арнайылығын
аминоацил-т-РНК-синтетаза
ферменті қамтамасыз етеді. Оған байланысатын орыны акцепторлық сабақша аймағының
жанында. т-РНК-да рибосомамен байланысатын және антикодон деп аталатын
бөлімдері де бар. т-РНК-ның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу реті м-РНК-
ның кодонына комплементарлы түрде болатын бөлім.
Достарыңызбен бөлісу: