Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет68/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

 
12. 
В
12
витамині (кобаламин, антианемиялық витамин), химиялық табиғаты
биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты.
 
В
12
витамині басқа витаминдерден құрылысының күрделілігімен 
және молекуласында металл ионы – кобальттың болуымен ерекшеленеді. Кобальт 
порфиринтәрізді (коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот атомымен 
және 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен координациялық байланыс арқылы 
байланысқан.
 
Биологиялық ролі.
 
Осы уақытқа дейін В
12
витамині арқылы реттелетін 15 шақты реакция 
белгілі, солардың тек екеуі сүтқоректілердің жасушаларында жүреді: 

Метил В
12
- гомоцистеиннен метиониннің түзілуіне қатысатын кофермент. Сонымен 
қатар метил В
12
ДНҚ мен РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль 
қышқылының қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай жасайды. 

-Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретінде тақ санды көміртек атомы бар май 
қышқылдарының және тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне 
қатысады. 
Авитаминозы.
 
Жануарлар тіндерінде В
12
витаминінің жеткіліксіздігі Каслдың ішкі 
факторының синтезінің бұзылуымен байланысты. Касл факторы асқазанның кілегей 
қабатында түзіледі, химиялық табиғаты жағынан гликопротеин, кальций иондарының 
қатысуымен В
12
витаминімен байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер етеді. 
Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлық (мегалобласттық) анемия. Бұл аурудың 
негізгі белгілері: қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы, 
гемоглобин концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан 
жасау жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының
соның ішінде ДНҚ синтезінің бұзылуымен байланысты. В
12
витаминінің авитаминозына 
жүйке жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары 
ыдыраған кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин 
қышқылы жиналуымен түсіндіруге болады. 
Табиғатта таралуы.
 
В
12
витаминін жануарлар да, өсімдіктер де синтездей алмайды. Бұл 
– микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер және көкжасыл балдырлар синтездейтін 
бірден-бір витамин. Жануарлардың тіндерінде бауыр мен бүйрек В
12
витаминіне бай.


94 
13. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет