Биохимия кафедрасы


 сурет. ДНҚ құрылымы  Үшінші реттік құрылымы



Pdf көрінісі
бет32/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
13 сурет.
ДНҚ құрылымы 
Үшінші реттік құрылымы
– эукариоттарда қос спиральды ДНҚ тізбегінің гистонға 
оралып, суперспираль түзуі нәтижесінде шар тәрізді төмпешіктер түзіледі. Гистондар 5 түрге 
бөлінеді — Н
1
Н
2

, Н
2

, Н
3
, Н
4
. Н
1
гистонынан басқа гистондардан октет құрылады. Бұл 


50 
қктетке ДНҚ –ның тізбегінің 140 негіздер жұбынан түзілген бір бөлімі оралады, сөйтіп, 
нуклеосома түзіледі. Октетке оралған ДНҚ-ның бөлігі активті емес төмпешік түзеді, осы 
төмпешіктердің арасында ДНҚ-ның суперспиральданбаған активті бөлігі және белок Н1 
орналасады. Бұл аймақ шамамен 50 жұп нуклеотидтерден тұрады.
Сурет 14.
ДНҚ үшінші реттік құрылымы 
ДНҚ-ның төртінші реттік құрылымы – хромосомаларында ДНҚ молекуласының 
өте тығыз орналасуы, ұзындығы бірнеше см -ге дейін жететін молекула,5 нм- ге дейін 
жинақталады (с.15). 
 
 
Сурет 15. 
ДНҚ-ның төртінші реттік құрылымы 
16. ДНҚ-ның тірі организмдер үшін маңызы

Барлық генетикалық ақпараттар ДНҚ –да сақталған. ДНҚ белок биосинтезіне қатысады.


51 
17.
 
РНҚ, нуклеотидтік құрамы, құрылысы, РНҚ түрлері (м – РНҚ, т – РНҚ, р – 
РНҚ). 
РНҚ – рибонуклеин қышқылы.
РНҚ-ның барлық өкілдері бір полинуклеотид 
тізбегінен тұрады. Сондықтан олардың молекулалық массасы ДНҚ-ға қарағанда жеңіл 
болады. ДНҚ-дан айырмашылығы РНҚ-ның клеткадағы мөлшері клетканың жасына, 
қызметіне, қай органның құрамында болатындығына байланысты өзгеріске ұшырауы. РНК 
молекуласында Чаргафф заңы сақталмайды. Атқаратын қызметі мен кездесетін жеріне 
байланысты РНК үш түрге бөлінеді: Матрицалық –мРНК; тасымалдаушы- тРНК; 
рибосомалық –рРНК. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет