Биохимия кафедрасы


С витамині (аскорбин қышқылы), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет70/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
С витамині (аскорбин қышқылы), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, 
авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты.
 
С витаминінің құрылысы глюкозаға ұқсас – γ-лактон (гексозаның 
туындысы) болып табылады. Оның молекуласында 2 ассимметриялық көміртек атомы (
4
С, 
5
С) және 4 оптикалық изомер бар. L–аскорбин қышқылы ғана биологиялық активтілікке ие. 
Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылымен редокс-жұп түзеді.
Биологиялық ролі.
 
С витамині жасушаішілік антиоксиданттық қорғаныс жүйесінде басты 
орын алады, ол жасушаішілік антиоксидант болып табылады. Аскорбин қышқылының 
антиоксиданттық функциясы оның бос радикалдарды заласыздандыру реакцияларына 
қолданылатын сутегінің 2 атомын оңай беруімен түсіндіріледі. Бұл витаминнің жоғары 
концентрациясы оттегінің бос радикалдарын басады. Аскорбаттың негізгі функциясы 
токоферолдың (Е витамині) бос радикалдарын залалсыздандыру, осының нәтижесінде 
жасуша мембранасының негізгі антиоксидантының деструкциясының алдын алады. Ішекте 
аскорбин қышқылы Ғе
3+
-ті Ғе
2+
-ке тотықсыздандырады, оның сіңірілуіне жағдай жасап, 
ферритиннен темірдің босауын тездетеді. Аскорбат гидроксилдену реакцияларына (коллаген 
синтезіндегі 
пролин, 
лизин 
қалдықтарының 
гидроксилденуіне, 
дофаминнің 
гидроксилденуіне, бүйрекүсті безінің қыртысты қабатында стероидты гормондардың 
синтезіне) қатысады. С витамині цитохром Р
450
оксигеназды жүйесі жүзеге асыратын 
токсиндердің, антибиотиктердің және т.б. бөгде заттардың залалсыздануына қатысады. 
Авитаминозы. 
С витамині жетіспегенде тез шаршау, асқа тәбеттің төмендеуі, жұқпалы 
ауруға төзімділіктің төмендеуі, теріде көгерген (қанталау) аймақтар пайда болады. Қызыл 
иек қанауы – C витаминінің гиповитаминозының асқынған белгісі, С витаминінің мүлдем 
болмауы цинга (скорбут) ауруына шалдықтырады. Цинганың негізгі симптомы 
капиллярлардың өткізгіштігінің бұзылуы бұл коллагендегі пролин және лизиннің 
гидроксилденуінің жеткіліксіздігі мен хондроитинсульфаттың синтезінің бұзылуына 
байланысты. Сонымен қатар гиповитаминоздың клиникалық көріністері: қызыл иектің 
қанауы, тістердің босауы, байламдардың ісінуі, сүйектің зақымдануы, терінің солғын тартуы, 
жараның жазылуының кешігуі. С гиповитаминозы кезінде организмнің иммундық қорғаныс 


96 
реакциялары әлсіреп, сәуле, ісік, атеросклероз, диабет және т.б. аурулардың патогенезі 
негізінде жатқан бос радикалды тотығу реакцияларынң күшеюі байқалады.
Табиғатта таралуы.
 
С витаминінің негізгі көзі – өсімдік текті тағамдар. Әсіресе бұрыш, 
қара қарақат, аскөк, балдыркөк, орамжапырақ, цитрустар, жабайы бүлдірген, итмұрын С 
витаминіне бай.
15. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет