Биология • адам денесі • ЖҮрек және қАН



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.11.2022
өлшемі1,29 Mb.
#53313
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жүрек және қан

• Ұсынылатын фильм 

– Қан
• Қан тамырлары өз қызметтеріне қалай бейімделген?
Қосымша сұрақ
С7. Білекте сезілетін пульс қайдан пайда болады?
Әрбір жүректің жиырылуынан кейін, жүрек қан толқынын артерияға жібереді. Бұл қан артерия бойымен тез 
қозғалып, жоғары қысыммен артерия қабырғаларын созады. Бұны біз пульсті тексергенде байқаймыз, әрбір 
пульс жүректің бір соғысы болып саналады. Венадағы қысымның төмен болуына байланысты біз оның соғуын 
сезе алмаймыз. 
ДИАГРАММА 05:
• Жүрек өз қызметіне қалай бейімделген?
3-бөлім: Жүрек
Жүрек екі бөліктен тұрады. Оң бөлігі венадан оттегісіз қанды қабылдап, өкпеге жеткізеді. Сол бөлігі оттегіге 
қаныққан қанды өкпеден қабылдап, бүкіл ағзаға таратады. 
Жүрек жүрек бұлшықетінен тұрады, ол қанда қысым тудыру үшін жиырылып, қанайналым жүйесін қамтамасыз 
етеді. Қан жүректің құлақша деп аталатын жоғарғы бөлігіне өтеді, олар жиырылып, қанды қарыншаға итереді. 
Қарыншалар жиырылып, қанды жүректен артерияға итереді. Ал қақпақшалар болса қанның кері бағытта кетіп 
қалмауын қадағалайды. Антриовентикулярлық қақпақшалар қанның қарыншадан құлақшаға кері бағытта өтуіне 
кедергі жасаса, жартыайлы қақпақшалар қанның артериядан жүрекке өтіп кетпеуін қадағалайды.
• Ұсынылатын жаттығу

– Артерия мен веналардың бөліктерін
зерттеп, құрылыстарын салыстырыңыз


БИОЛОГИЯ • АДАМ ДЕНЕСІ • ЖҮРЕК ЖӘНЕ ҚАН
6
Жүректі кесу
ДИАГРАММА 06:
Қосымша сұрақтар
С8. Неге жүрек диаграммасындағы белгілер керісінше көрінеді?
Диаграмма жүректі біз оған алдынан қарағанда қалай көрінетінін көрсетеді, яғни біреудің жүрегінің оң жағы 
алдынан қарағанда сол жағында болып көрінеді немесе керісінше. 
• Ұсынылатын фильм 

– Жүрек 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет