Биология • экожүйелер 1 1-бөлім: Экожүйе дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#118367
  1   2   3   4   5
Байланысты:
kktwig-ekozhyeler



Экожүйелер
 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕР
1
1-бөлім: Экожүйе дегеніміз не?
• Экология дегеніміз не?
ДИАГРАММА 01:
Ұсынылатын фильм
- Экожүйе дегеніміз не?
Биотикалық факторларға экожүйедегі 
тірі ағзалар жатады
Экология – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының 
саласы. Экологтар таралу аймағындағы қоректік қарым-қатынас, экожүйелердегі жылу алмасу және құнарлы 
заттардың алмасуы, және экожүйенің уақыт өтісімен өзгеруі және тағы басқа көптеген зерттеулер жүргізеді. 
Экожүйелер туралы нақты түсініктің болуы біз үшін өте маңызды, себебі біз ол арқылы экожүйелердің уақыт 
өтісімен қалай өзгеретіндігіне, оларды қалай басқаруға болатындығына және ресурстарды қалай үнемдеу 
керектігіне баға бере аламыз. 
Қосымша сұрақ
С1. Мекен ортасы дегеніміз не?
Мекен ортасы дегеніміз – ағзалар өмір сүретін орын. Мысалы, бақаның мекен ететін ортасы тоған бола алады.
• Экожүйе дегеніміз не?
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның 
жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың 
өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Тропикалық 
ылғалды орманды экожүйе ретінде қарастыруға 
болады. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” 
факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен 
жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас 
жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, 
тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕР
2
• Мекен орны дегеніміз не?
2-бөлім: Жердің биомдары
• Биом дегеніміз не?
Қосымша сұрақ
С2. Экологияда “бірлестік” термині нені білдіреді?
Бірлестік – экожүйедегі барлық тірі ағзалардың жиынтығы. Егер тоғанды экожүйе ретінде қарастырсақ, ондағы 
бірлестікке балдырлар, итбалықтар, жәндіктер және балықтар секілді барлық тірі ағзалар кіреді.
Мекен орны – ағзаның экожүйеде алатын орны. Ол ағзаның физикалық орнын және басқа ағзалармен әрекеттесуін 
қамтитын экожүйеге байланысты кез-келген қасиетіне қатысты айтылады. Мәселен, ол немен қоректенеді және 
оны не қорек етеді. Бір түрге жататын даралар экожүйеде бір мекен орнын алады, себебі олар биотикалық және 
абиотикалық табиғат бөліктерімен әрекеттескенде, бірдей рөл атқарады.
Қосымша сұрақ
С3. Әр алуан түрлер бір мекен орнында тұра алады ма?
Жоқ, әр алуан түрлер үнемі әртүрлі мекен орнын паналайды. Мысалы, бүркіттің экожүйедегі атқаратын рөлі 
қаршығаға ұқсағанымен, өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, біз оларды әртүрлі мекен орнында тұрады деп 
айтамыз.
ДИАГРАММА 02:
Биомдар – территориясында өсімдіктердің айрықша 
түрлері басым және сәйкесінше экожүйенің кейбір 
түрлеріне мекен болатын Жердің үлкен аймақтары. 
Ерекше биомдар ұқсас климаттық шарттарға ие, 
сондықтан өсімдіктердің, жануарлардың және басқа 
ағзалардың ұқсас бірлестіктеріне мекен болады. 
Жердің басты биомдарына тропикалық ормандар, 
саванна, шөл, тундра, ішіне тайга да кіретін жалпақ 
жапырақты және қылқан жапырақты ормандар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет