Жүрек – қан тамырлар жүйесі. Лимфа жүйесі Қан айналым мүшесін құрайтындар:Жүрек, қантамырлар Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты:23-27 секунд Кеуде қуысының сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше:Жүрек Жүрек бұлшықеті жасушаларының пішіні: Көлденең жолақты Жүректің жиырылатын жасушаларында көп болатын органоидтар: Митохондриялар Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы:Талшықтары тор тәрізді жалғасады, өздігінен еріксіз жиырылады Жүрек: Қолқа арқылы 2 бөлікке бөлінген, қабырғасы 3 қабаттан тұрады, салмағы 250-300гр Ересек адамның жүрегінің салмағы:250-300 гр Жүрек қабы: Перикард Жүрек қабырғасының қабаттары:Эпикард, миокард, эндокард Жүректің өте жұқа сыртқы қабаты:Эпикард Жүректің ортаңғы қабаты:Миокард Жүректің ішкі қабаты: Эндокард Миокард: Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті Жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жабады: Эндокард Жүрек бұлшықетінің ерекшелігі:Автоматизмі Жүрек автоматиясы:Жүректің өздігінен жиырылу қабілеті Жүректегі қанды тек бір бағытқа қарай өткізетін бөлігі: Жақтаулы қақпашалар Жүректің оң жақ бөлігіндегі қақпақша:3 жақтаулы Қос жақтаулы қақпақшалар орналасады: Сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекше арасында Адамның жүрегінің бөлігі:4 Адам жүрегінің қуыстары: 2 жүрекше, 2 қарынша Жүрек жұмысын күшейтеді: Кальций Жүрек жұмысын баяулатады:Калий Ересек адамда жүректің минутына соғуы:70-75 рет Жүрекшенің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең: Жүрек циклі Жүрек циклінің кезеңдері: Жиырылу, босансу, үзіліс Жүрек жұмысының кезеңдері:Жүрекшелердің жиырылуы (0,1),қарыншалардың жиырылуы (0,3), жүрек қуысының босаңсуы Жүректің босаңсу уақыты: 0,4 сек.
Жүректің кіші қанайналым шеңбері басталатын бөлігі:Оң жақ қарынша Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз: Сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы Үлкен қанайналым шеңбері басталатын жүрек бөлігі: Сол жақ қарынша Адамның үлкен қанайналым шеңбері аяқталады: Оң жақ жүрекше (құлақша) Жүрек бұлшықетінің жұмысын, бүкіл әрекетін көрсететін қисық сызық: Электрокардиограмма Адам ағзасындағы қантамырлардың түрлері:Артерия, вена, капилляр Жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып ағатын қантамырлар:Артерия Тығыз әрі серпінді болып қабырғасы біріңғай салалы бұлшықеттен тұратын қан тамырының
атауы: Салатамыр Артерияның (салатамыр)ерекшелігі:Қысымы жоғары, оттегіге қаныққан Артерияның сыртқы қабаты тұрады:Дәнекер ұлпасынан Артерияның ортаңғы қабаты тұрады:Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан Артерияның ішкі қабаты тұрады: Жалпақ эпителий ұлпасынан Артерия қабырғасының ырғақты тербелісі:Тамырдың соғуы Ең ірі артерия қантамыры Қолқа (аорта) Жоғарғы қысымды қан жүретін тамыр:Қолқа Оң жақ қарыншадан шығатын қантамыр: Өкпе салатамыры Венозды қаны бар артерия: Өкпелік Өкпеден шығатын тамыр: Көктамыр Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне қаныққан қанды
жүрекке тасымалдайтын қантамыр: Вена Мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын қан тамыры:Вена(көктамыр) Бас, мойын, қолдан қанды жүрекке таситын қантамыр: Күретамыр Қанды сол жақ қарыншаға әкелетін қантамыр: Өкпе венасы Ең жіңішке қантамырлар: Капилляр (қылтамыр) Қабырғасының өткізгіштік қасиеті бар өте ұсақ қантамырлар: Қылтамырлар Төменгі қысымды қан жүретін тамыр: Қылтамыр Дені сау адамдағы қан қысымы:120/80 мм Қан қысымын өлшейтін құрал:Тонометр Қан қысымының жоғарлауынан болатын ауру:Гипертония Қан қысымы артса: Миға қан құйылады Қан қысымының төмендеуі:Гипотония Гипотония ауруының алғашқы белгілері: Құлағынан шу кетпейді, бас аурады, жүрегі айниды, тәбеті жоқ, жүрек жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары: Гипертония, гипотония, жүрек кемістігі, анемия, гемофилия, аққандылық Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын ауру: Жүрек кемістігі Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі біртіндеп төмендеп, содан кейін тоқтап қалуы жүректің қандай да бір бөлігінің жансыздануына әкеледі:Жүрек инфарктіне Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретеді: Никотин Темекі құрамындағы никотин:Қан тамырын тарылтады Қоршаған ортаның t төмендегендегі жылу өткізгіштіктің азаю себебі: Қан тамырларының тарылуынан Суығанда: Қан тамырлары рефлекторлы түрде тарылады Лимфа капиллярлары кездеспейтін мүшелер: Ми, жұлын, шеміршек, көз алмасының ақ қабығы,көз бұршағы Мүшелерден жүрекке қарай бір бағытта өте баяу ағады: Лимфа Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы:Сұйықтық тек жүрекке ағады Адам ағзасындығы лимфаның қозғалуына әсер ететін үш фактор:Жақын орналасқан бұлшықеттің жиырылуы, кеуде қуысының тыныс қозғалысы, ішек бүрлерінің жиырылып, босаңсуы Лимфа түйіндерінің қызметі: Қан түзілу,қорғаныш реакциясына қатысады, лимфа ағынын реттейді, бактерияларды қанға жібермей жояды, уларын зарарсыздандырады, антидене түзеді Лимфа айналымының қызметі: Ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне кері қайтарады, лейкоциттер түзеді, бөгде заттарды сүзеді