Жемістер Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері екі топқа бөлінеді: Шырынды, құрғақ Шырыны мол, жұмсақ шырынды жемістер: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті Шырынды жемістер тобы: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды жеміс: Жидек Жидек жеміс:Қызанақ, қарлыған, алқа,жүзім,қарақат,картоп, баклажан Көптұқымды жидек жемістер:Қызанақ Көп ұялы, көп тұқымды шырынды жеміс:Жидек тәрізді жеміс Жемісінің сыртқы қабатында эфир майы көпжемістер: Жидек тәрізді Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы жемістер: Жидек тәрізді Жидек тәрізді жемісті өсімдік:Апельсин,мандарин,лимон Ішінде бір ғана тұқымы бар жеміс: Сүйекті Сүйекті жеміс сипаты: Сырты жұқа, ортасы қалың етті-шырынды, іші қатты сүйектенген Бір тұқымды жеміс:Шие, алхоры, өрік, шабдалы Сүйекті шырынды жемісі бар өсімдік:Шие, алхоры, өрік, шабдалы Сүйекті шырынды жемістердің құрғақ түрі: Грек жаңғағы, бадам, кокос пальмасы Құрғақ жемістердің түрлері: Бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, қанатты, дәнек, тұқымша, жаңғақ, жинақталған Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс: Бұршаққап Бұршаққап жемісінің сипаты: Тұқымдары жемісжақтауының жиегіне бекиді, піскенде екі жақ жіктері (тістері) өздігінен қақырап ашылады, тұқымдары сыртқа шашылады Бұршаққапты жемісті өсімдіктер: Беде, асбұршақ Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс: Бұршаққын Көптұқымды құрғақ жеміс:Бұршаққын Жемісі бұршаққынды өсімдік:Орамжапырақ, шомыр, шалқан Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды қақырауыш құрғақ жеміс: Қауашақ Тұқымдары саңылауынан төгілетін жеміс: Қауашақ Қауашақ жемісті өсімдіктер:Пияз, қызғалдақ, шегіргүл, сүттіген, меңдуана, темекі Қауашағының қақпақшасы ашылып қақырайтын өсімдік: Меңдуана Жіктер шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды: Сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарған, қанатқа айналған жеміс: Қанатты Жел арқылы таралатын құрғақ жеміс: Қанатты Қанатты жемісі бар өсімдіктер: Үйеңкі, қайың, шаған, шегіршін Тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен бір тұқымды жеміс: Дәнек Дәнек жемістің басқа құрғақ жемістерден айырмашылығы: Жеміс қабығымен тұқым қауызы бірігіп кеткен біртұқымды жеміс Дәнек жемісті өсімдіктер: Бидай, жүгері, арпа, күріш Жеміс серігі тұқыммен бірікпеген құрғақ жеміс:Тұқымша Тұқымша жемісті өсімдіктер: Қалуен, күнбағыс, бақбақ, кекіре, өгейшөп, таусағыз Жемістің жеміссерігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымымен бірікпеген жеміс: Жаңғақ Жаңғақ жемісті өсімдік: Емен жаңғағы, жаңғақша Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген: Жинақталған жеміс Көп жаңғақшалы жинақталған жеміс:Итмұрын, құлпынай Көп сүйекті жинақталған жемісі бар өсімдік:Таңқурай, бүлдірген Біріккен жеміс: Ананас, тұт, інжір Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктердің жемістері: Бөлшекті жаңғақша Сәбіз, балдырған, аскөктердің жемісі: Біріккен көп ұялы