Құстар шаруашылығы Кептертектес құстар отрядынан қолға үйретілген түрі: Көгершін Құйрық қауырсын ұзын болып келетін тауық: Феникс Әсемдік үшін арнайы торда қолдан өсіріледі: Тауыс, көгершін, баққунақ Асыранды қаздың жабайы арғы тегі: Сұр қаз, қутұмсық қаз Бұдан 7 мың жыл бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде қолға үйретілген: Жабайы сұр қаз Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі: Банкив тауығы Индия тұрғындары 4500 жыл бұрын қолға үйреткен: Банкив тауығы Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені: Асыранды қаз Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымы:Минорка, леггорн, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж Таза асылтұқымды жұмыртқалағыш тауық: Леггорн Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары: Плимутрок, виандот, шантеклер, корниш, шантеклер, доминикан, дисерсей, род-айленд Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта өсірілетін тауық қолтұқымы: Ақ плимутрок Қолға үйретілген үйректің арғы тегі: Жабайы барылдауық үйрек Алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілгенүйректің түрі: Мускус Алғаш рет Мексикада, Американың оңтүстігінде қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі: Күркетауық Балапандарды жасанды түрде шығаратын орын: Инкубатор Сәндік үшін өсірілетін тауық: Тауыс (павлин)
Сүтқоректілер класы Ең жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар: Сүтқоректілер класы Сүтқоректілердің таралған түр саны:5000 Сүтқоректілерге тән белгілер:Ұрпағын тірі туады, сүтімен асырайтын жылықанды Сүтқоректілердің ең негізгі белгісі: Ұрпағын сүтпен қоректендіру Сүтқоректілердің бәріне ортақ және ерекше белгілері: Миы жақсы дамыған, тістері жақсүйектерден ұяларға тіс түбірімен бекиді Арнайы «ұрық жолдасы» бар желілер типінің өкілі: Сүтқоректілер Сүтқоректілердің алдыңғы аяқ (иық) белдеуі: Жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ Сүтқоректілердің мойын омыртқасының саны:7 Ең алғаш сүтқоректілерде пайда болған мүше: Көкет (диафрагма) Күрек, азу, сойдақ тістері болатын жануарлар:Сүтқоректілер Сүтқоректілердің асқорыту жүйелеріне тән бөлімдер: Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек Сүтқоректілер асқорыту жүйесінде кездеспейтін бөлік: Жемсау Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінде пайда болған мүше:Ұрт Тәулік бойына тамақ бірлігін дене салмағына байланысты пайдаланатындар:Ұсақ сүтқоректілер Сүтқоректілердің бассүйектегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі байланысады:Астыңғы жақсүйекпен Сүтқоректілердің тынысалу жүйесіне кіреді: Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхы (тарамдалған ауатамыр), өкпе көпіршіктері Сүтқоректілердің кеуде қуысында орналасатын мүше: Өкпе Өкпесінде ауатамыр таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталатын ағзалар: Сүтқоректілер Сүтқоректілердің көмекейінде орналасады: Дыбыс сіңірлері Сүтқоректілердің қанайналым жүйесі:4 қуысты, 2 қанайналым шеңбері, аортаның бір доғасы Сүтқоректілердің кіші қанайналым шеңбері басталады: Оң жақ қарыншадан Сүтқоректілердің кіші қанайналым шеңбері аяқталады: Сол жақ жүрекшемен Сүтқоректілердің үлкен қанайналым шеңбері басталады: Сол жақ қарыншадан Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес жануар: Сүтқоректілер, құстар Сүтқоректілердің зәр шығару мүшелері:Екі бүйрек, несепағар, қуық және тері Сүтқоректілердің зәр шығару жүйесінің орталығы:Бүйрек Сүтқоректілердің күрделі қозғалыстарының үйлесімділігіне байланысты жақсы дамыған бас миының бөлімі:Мишық Иіс сезімі вибристерінің сүтқоректілерде орналасқан жері: Көз бен мұрынның төңірегінде Сүтқоректілердің ата-тектері: Аңтісті кесірткелер Сүтқоректілердің ұрығы дамиды: Жатырда Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет Сүтқоректілердің терісінің сыртында түкті жамылғысы болады, ең қысқа және жұмсақ түктері мамық - немесе түбіт: Денедегі жылуды сақтайды Сүтқоректілердің терісінде болатын бездер: Тер, май, сүт, иіс шығаратын Сүтқоректілер терісінің созылғыштығы, су жұқпайтындығы байланысты бездер: Май Сүтқоректілерде тұз бен несеп ағарының артық мөлшері бөлініп шығады: Тер безімен Сүтқоректілер терісіндегі қосалқы бөлімдер: Мүйіз, тұяқ, түк, мүйізді тырнақ Сүтқоректілер мен қосмекенділердің арасында өзара көптеген ұқсастық белгілердің байқалуы: Ұрықта Сүтқоректілердің жорғалаушылардан ерекшелейтін басты белгілері: Сүт бездері, көкет, сыртқы құлақ қалқаны, тістері жақсүйекке түбірі арқылы орнығады Дәм сезу әсіресе жақсы дамыған жануарлар: Шөппен қоректенетін жануарлар Сүтқоректіледің қысқы тыныштық күйге көшкен жасушаларының құрамында: Қоректік заттар қоры көп болады Тек суда,жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде болмайды:Құлақ қалқаны Есту мен көру мүшелері дамымаған сүтқоректілердің мекені: Жер асты Суда тіршілік ететін сүтқоректі: Құндыз, үйректұмсық Киттің тіршілік ортасы: Су Киттің мойын омыртқасының саны: 7 Киттің теңіздің суық суында тіршілік ете алуының себебі:Тері асты қалың май қабаты бар Кит өкпемен тыныс алғанына қарамастан судан кездейсоқ шығып қалса бір сағатқа шыдамай өліп қалады: Терісі құрғап кетеді Тісті киттердің тістерінің саны: 150 астам Иіс сезбейтін сүтқоректі жануарлар: Дельфин мен кит Дельфиндер қорегін табады:Ультра дыбыстар көмегімен Ұшатын сүтқоректі: Қолқанаттылар Кеңістікті бағдарлау кезінде ультрадыбыстар шығаратын сүтқоректілер: Қолқанаттылар Қолқанаттылар отрядының өкілдері: Салпаңқұлақ, ақбауыр, қатпар ерінді жарқанат Иттістері болмайтын сүтқоректілер: Жарқанаттар Төменгі сатыдағы қазіргі сүтқоректілер: Қалталы сүтқоректілер Қалталы сүтқоректілердің өкілі: Тасманиялық қасқыр Алғашқы аңдардың мекені: Австралия Ілкіаңдар (алғашқы аңдар): Үйректұмсық Жұмыртқа салушы, қалталы сүтқоректілер кеңінен таралған аймақ: Аустралия Жұмыртқа салу арқылы көбейетін сүтқоректі жануарлар: Ехидна, үйректұмсық Сүт бездері нашар дамыған сүтқоректілер: Ехидна (түрпі) Сыртқы құлақ құлақ қалқаны болмайтын сүтқоректі жануар: Ехидна Қазіргі кездегі құрлықтағы тұяқты сүтқоректілердің ең ірісі: Піл Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі жануар: Азиялық піл Жирафтың мойын омыртқасының саны: 7 Морж - ескекаяқтылардың ішіндегі ең ірісі, оның өзіне тін үстіңгі жақсүйегінен тік төмен қарай өскен сойдақ тісінің ұзындығы: 30-40см Маймылдардың басқа сүтқоректілерден ең басты айырмашылығы: Бас миы мөлшерінің үлкендігі, үлкен ми сыңарларында иірімдердің көп болуында