Биология және биотехнология факультеті



Дата29.08.2022
өлшемі13,9 Kb.
#38299
Байланысты:
Өскенбаева А. Мінездеме


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
«5В011300 – Биология» мамандығының бітірушісі
Абдугалиева Диана Талғатқызына


МІНЕЗДЕМЕ

Өскенбаева Ақмарал Құдиярханқызы 30.11.2000 жылы Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Дарын мектеп-интернатын мектебінің түлегі. 2018 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, мемлекеттік білім грантының иегері атанды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетіне оқуға қабылданды. 1 курстан бастап сабағын жақсы оқып, өзінің білімділігін көрсетті. Қазіргі таңда «В5011300 - Биология» мамандануы бойынша 4 курс студенті.


Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Атанбаева Г.К. жетекшілігімен жұмыс жасады. Бітіру жұмысының тақырыбы «Жасөспірімдердің биология пәнінен мәселелі оқытуда оқу үлгерім деңгейін зерттеу». Диплом алды практикалық зерттеу жұмыс жасау барысында Ақмарал педагогикалық практикадан өтіп, оқушылармен жұмыс жасау кезінде өзінің қабілеттілігін көрсетіп, жасап нәтиже алды.
Дипломдық жұмыс барлық шарттарға сай және автор бакалавр квалификациясына лайықты. Үлкен көлемді зерттеу жұмысын өте ұқыптылықпен, мұқияттылықпен жасап, өзінің жоғары ұйымдастыру қабілеті бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар, тақырыпқа сай әдебиеттерге толық шолу жасалған, зерттеу әдістеріне анықтама берген. Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелерді өңдеуден өткізген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері тезис ретінде жарияланған.
Өскенбаева Ақмарал Құдиярханқызы алған қойған мақсаты бар, әрбір тапсырылған іске аса жауапкершілікпен қарайды, өз ісіне ұқыпты, болашағы жарқын жас маман.

Биология және биотехнология


факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Заядан Б.Қ.
Биофизика, биомедицина және
нейроғылымдар кафедрасының меңгерушісі,
б.ғ.к., профессор Кустубаева А. М.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет