Биология кафедрасы



бет14/16
Дата10.12.2023
өлшемі137,29 Kb.
#136023
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Биология кафедрасы-emirsaba.org

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері ОЖЖ, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал афференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормоның қанға шығарады. Вазопрессин қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдестерон гормонының өнімін арттады.
Терінің құрылысы мен маңызы. Адамның терісі 3 қабаттан тұрады: 1.Эпидермис – сыртқы қабат. 2.Дерма – ортаңғы қабат. 3.Гиподерма – ішкі қабат.Ең қалың – сыртқы қабат, қалыңдылығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, ал тым көп болса – қара қоңыр болады.
Дерма қабатының жасушалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда капиллярлар мен нерв ұштары болады. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметің атқарады.
Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады. Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50%, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады.Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін холинэргиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады –адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоция кезінде.
Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбейюі бәсеңдейді. Терінің температурасы нәрестелерде, жоғарырақ және тұрақсыз болады да 3-5 жастан бастап қалыптасады. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-7 жаста болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет