Биология кафедрасы



бет3/4
Дата06.03.2023
өлшемі26,29 Kb.
#72212
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
XEJJNRIUSNKV07012023121217

1 топ - «Қалыпты» Психологиялық диагностиканың бақылау, мінездеме негізінде мына балаларды жатқызуға болады:
1. оқу жүктемесін жақсы меңгере алады және оқуда атаулы қиыншылықтарды көрмейді;
2. мұғалімдермен де құрбыларымен де өзара жақсы қарым-қатынаста, яғни өзара қатынаста қиыншылықтар туғызбайды;
3. психикалық және соматикалық денсаулығының төмендегеніне шағымданбайды;
4. тәртіптің ассоциалды формаларын көрсетпейді.
Бұл топтағы балаларда мектепке бейімделу толығымен сәтті өтеді. Оларда оқудың жоғары мотивациясы және жоғары танымдық белсенділік болады.
2 топ - «Қатерлі топ» - бұл балалар психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Балалар оқу жүктемесін нашар меңгереді, әлеуметтік тәртіптің бұзылуының ерекше белгілерін көрсетпейді. Мұндай балаларда сәтсіздік ортасы жиі болады. Тұлғалық дамуында сәтсіздік көрсеткіштерінің дамуына әсер ететін қорқыныш және қысым деңгейі оқушыларда өседі. Сәтсіздіктің басталуының маңызды белгісі болып оқу мотивациясының жоғары деңгейде. Баланың өзін-өзі бағалаудағы адекватты емес көрсеткіші болуы мүмкін, өзара қарым-қатынас арасындағы бұзылыстары болуы мүмкін. Егер осы жағдайда ауруларының саны өссе, бұл қорғаныс реакцияларының төмендеуінен мектеп өмірінде пайда болған қиыншылықтарды сезіне бастайды дегенді түсіндіреді.
3 топ - «Мектептегі тұрақсыз дезадаптация». Бұл топтың балалары оқу жүктемесін меңгере алмайтындығымен ерекшеленеді, әлеуметтенуі бұзылған, психосоматикалық денсаулығында айтарлықтай өзгерістер байқалады.
4 топ - «Мектептегі тұрақты дезадаптация». Бұл балалар мектептегі сәтсіздіктермен қатар, маңызды және сипатты белгі ретінде ассоциалды тәртіп көрсетеді: дөрекілік, демонстративті тәртіп, үйден қашу, сабақтарға қатыспау, сотқарлық мінездер, агрессия т.с.с. Оқушының ортақ формасындағы ең ауытқыған тәртібі – баланың меңгерген әлеуметтік тәжірибесінің бұзылуының нәтижесі, мотивациялық факторлардың бұрмалануы, бейімделген тәртіптің бұзылуы.
5 топ - «Патологиялық ауытқулар». Баланың дамуында айқын немесе айқын емес патологиялық ауытқулары болады, бұл елеусіз, бірақ оқудың нәтижесінде көрінеді, сонымен қатар ауыр, шиеленіскен аурудың нәтижесінде пайда болады. Патологиялық жағдайлардың көрінуіне мыналарды жатқызуға болады:
1) психикалық (невроздық және психопатиялық бұзылыстар, эмоционалды ерік – ортасында әртүрлі дәрежеде көрінетін психикалық дамуындағы бөгелістер);
2) соматикалық (тұрақты физикалық аурулардың бар болуы, ас қорыту, эндокринді жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы, көзінің нашарлауы).
Сонымен, психологиялық бейімделу - баланың жаңа әлеуметтік ситуацияға енуі ретінде адекватты сипаты дамудың әлеуметтік ситуациясының тұрақтануының негізгі факторы болып табылады. Баланың мектепке келуі оқушыдан оның айналасындағы барлық қатынасының қайта құрылуын талап етеді. Психологиялық дайындық компоненттерін сипаттайтын мәселелер соңғы жылдары психология пәнінің дамуында балалардың мектептегі оқуға дайындығы ең маңызды орынға ие мәселелердің бірі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімдеу жұмысын табысты ұйымдастыру үшін төмендегі ұсыныстарды ескергеніміз жөн.
- 5-6 жастағылардың мектепке даярлық тобының мұғаліміне деген эмоционалды, жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру керек;
- 5-6 жастағылардың педагогикалық жұмыста сабақтастықты тек қана жұмыс істеу әдістерінде емес, сонымен бірге педагогикалық қарым-қатынас стилінде де сақтау керек;
- 1 сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыру мен олардың тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастыруда мектепке дейінгі және мектеп жұмыстарының әдістерін сақтау қажет;
- ең алдымен отбасы тәрбиесінде тәрбие әдістерін дұрыс жолға қойылған болуы керек, үлкен тәрбиелік мүмкіндіктерді бірігу әрекетінде орындау.
- 5-6 жастағы балалардың іс-әрекетіне жетекшілік етуде, кең көлемде (әсіресе, 1 жарты жылдықта) мектеп жасына дейінгі тәрбие әдістерін мектепте қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет