Бұл типтік оқу бағдарламасы «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен педагогикалық бағыттағы мамандықтар үшін дайындалған. Пән болашақ мұғалімдерді дайындаудың сапасын өсіреді
Бұл типтік оқу бағдарламасы «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен педагогикалық бағыттағы мамандықтар үшін дайындалған. Пән болашақ мұғалімдерді дайындаудың сапасын өсіреді.
Мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтарын, нерв жүйесінің физиологиясын, эндокриндік бездердің жас ерекшелік физиологиясын және мектеп гигиенасын, яғни мектеп үйіне, класс бөлмесіне, ауасына, жарықтығына, оқу құрал - жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптарды оқытады.
Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайларына ерекше көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдары кейбір типтік оқу жоспарларына Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы” Валеологиялық мазмұнды мәліметтер қосылып беріліп жүр.Авторлар типтік бағдарлама жасау барысында валеологиялық бағыттағы тұлғалар тәрбиелеу мәселелері жөніндегі тақырыптарға көңіл бөледі.
Тапсырмалары - болашақ мұғалімдерді балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу барысында пәннен алған білімдерін қолдануға үйрету, әсіресе оларды балалар мен жасөспірімдердің барлық морфофизиологиялық көрсеткіштері мен іс - әрекеттерінің жас ерекшеліктерін ұғып, соған сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарында гигиеналық нормалар мен талаптарды дұрыс ескеріп қолдануға баулу.