Тыныс алу мен тыныс шығарғанда ырғақты алмасуды реттейді ОРТАҢҒЫ МИ
Экология терминин ғылымға енгізген ғалым Э. ГЕККЕЛ
Суккулентті экологиялық топқа жататын өсімдіктер КАКТУС, АГАВА, АЛОЕ
МӘТІНДІК ТАПСЫРМАЛАР
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі. Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге жетеді. Ең ірілерінің талломы тарамдалып тұрады. Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапталған. Жасушасы бір ядролы, вакуольдері, хромотофорлары бар. Майда вакуольдердің дән тәрізді хромотофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасады. Хромотофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін фотосинтезге күннің ультракүлгін сәулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Олар әртүрлі тереңдікте өседі. Қызыл балдырлар қоңыр балдырлар сияқты аса ірі болмайды. Олардың жасушаларында хромотофорында хлорофилден басқа қызыл-көк пигменттері болады. Теңіздің түбінде айрықша адемі, көз тартады. Балдырлардың табиғатта, шаруашылықта кеңінен пайдаланады.
ТЕҢІЗДЕ ТІРШІЛІК ЕТЕТІН КЕЙБІР ҚОСЖАҚТАУЛЫ ҰЛУЛАР ТАҒАМ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ мидия, устрица, гребешок
Теңіздің 270 мтереңдігінде болатын балдыр ҚЫЗЫЛ БАЛДЫР
Порфира балдырын арнайы табиғи жағдайда жақын ортада өсіріп, пайдаланады КӨКЕНІС ЕСЕБІНДЕ
ТҮЙЕ Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Шөлді, шөлейтті аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Оңтүстік Американың таулы аймақтарында таралған түрлерінің денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларыныңұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақөседі.Түйенің кеудесінде тізесі мен тілерсегіңде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оныңқұрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер көп. Ол өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасында сауда – саттық түйелі керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған. Ертеде қазақ даласында түйесіз адамдар аз болмаған.
Түйетек және түйебастың таралған таулы аймағы ОҢТҮСТІК АМЕРИКА
Табаны жалпак, астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған жануарлар КӨНТАБАНДЫЛАР
Түйе шөккен кезде сүйелді жерді сезбейді ЫСТЫҚ ҚҰМДЫ