Биология пәнінен І-тоқсанға арналған бақылау тапсырмалары
Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:
1) Экожүйенің негізгі компоненттері:
А) сукцессия В) тірі табиғат және жансыз табиғат С) агроценоздар D) қоректік қорлар
2)Адам іс-әрекеті қандай факторға жатады?
А) абиотикалық В) биотикалық С) антропогендік D) экожүйе
3)Ағзалармен қоректеніп және оларды бірден өлтірмейтіндер
А) паразиттер В) сапрофиттер С ) өсімдікқоректілер D) етқоректілер
4)Бірінші реттік сукцессия қайда пайда болады?
А) экожүйе тіршілігін жойған жерде В) әлі топырақ түзілмеген жерде С) қарашірік түзілген жерде D) мұз басқан жерде
5)Шаруашылық пайдаланудан толық алынған аумақ
А) қорық В) биосфера С) шаруа қожалықтары D) экологиялық аумақтар
6)Қазақстанда құрылған ең бірінші қорық
А) Ақсу-Жабағылы В) Қорғалжын С) Наурызым D) Үстірт
7)Біздің ғаламшарымыздың табиғи жарығы-
А) электр энергиясы В) жұлдыздар С) Күн D) Ай
8)Абиотикалық факторға….жатады?
А) адам іс-әрекеті В) тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі С) адамның пайда болуы
D) атмосфера,климат ерекшелігі
9) Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» жарлыққа қашан қол қойды?
А) 1991ж 29 тамыз В) 1995ж 30тамыз С) 1991ж 16желтоқсан D)1999ж 29тамыз
10) Қызыл Кітаптың үшінші басылымы қай жылы шықты?
А) 1996 В) 1978 С) 1999 D) 1998
11) Продуценттер, консументтер, редуценттер ……құрайды
А) экожүйені В) қоректік тізбекті С) биосфераны D) қоректік торды
12) Өлген жануардың қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен қоректенетін ағзалар қалай аталады?
А) сапрофиттер В) паразиттер С) етқоректілер D) редуценттер
13) Қызыл Кітаптың ең алғашқы басылымы қай жылы жарық көрді?
А) 1978 В) 1996 С ) 1998 D) 1997
14)Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтаудың қанша жолы бар?
А) 5 В) 7 С) 3 D) 2
15) Продуценттерге нелер жатады?
А) жануарлар В) микроағзалар С) өсімдіктер D) жыртқыштар
16) Экожүйелердің біртіндеп уақыт бойынша ретті ауысымы қалай аталады?
А) симбиоз В) эндемик С) продуценттер D) сукцессия
17) Ең үлкен экожүйе
А) литосфера В) биосфера С) гидросфера D) мезосфера
18) Адам жасаған барлық жасанды экожүйелер қалай аталады?
а) агроценоздар ә) консументтер б) редуценттер в) биоценоздар
19) Қазақстанда ерекше қорғалататын табиғи аумақтың қанша түрі бар?
А) 5 В) 10 С) 7 D) 9
20) Қызыл Кітаптың екінші басылымы қай жылы жарық көрді?
А) 1995 В) 1981 С) 1991 D) 1975
1.B
2.C
3.A
4.B
5.A
6.A
7.C
8.D
9.A
10.A
11.B
12.A
13.A
14.C
15.C
16.D
17.B
18.A
19.D
20.C
Достарыңызбен бөлісу: |