Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу
Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу
3А
Бағалаукритерийлері
Білімалушы:
Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін түсіндіреді
Бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін анықтайды
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
Фло́ренс Гри́ффит-Джо́йнер 1988 жылы 100 метрді 10.49 сек жүгіріп өтіп дүниежүзілік рекорд орнатты.
Қысқа уақыт ішнде Фло-Джо сияқты спринтердің бұлшықеттеріне аэробты тыныс алу үшін оттегі жетіспей қалды.
Бұл жағдайда 100 м спринт үшін бұлшық еттерге қажетті энергия қалай бөлетіндігін түсіндіріңіз.
Оқушылар бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеді. Зерттеу барысында оқушылар салмағы 2 кг жүкті 0,5 метр биіктікке көтерді. Жүкті көтеру арасындағы (тынығу) үзілістер 4 сек, 2 сек және үздіксіз болды. Деректер кестеде берілген.
F= 1 кг = 9,8 H болған жағдайдағы күш – килограмды есептеңіз.
A=F*S*n формуласы бойынша S=0.5 метр болғандағы әр жиіліктегі жұмысты есептеңіз.