Қазіргі заман биологиясының негізгі ережелерін атаңыз.
Қазіргі заман биологиясының негізгі ережелері. Биологияның негізгі ережелері тіршіліктің феноменімен қасиеттерін түсіндіреді, солардың бесеуін қарастырайық:
1. Тіршіліктің жүйелік көпдеңгейлік ұйымдасу ережесі: барлық тірі объектілер күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жүйелер болып есептеледі. Биологиялық жүйелер ұйымдасудың құрылымдық-қызметтік деңгейлерінің үздіксіз иерархиясын құрайды.
2. Тіршіліктің материалдық маңыздылығы ережесі: тіршілік материалды, оның физико-химиялық негізін зат пен қуат айналымы құрайды.Философиялық тұрғыдан қарағанда: материя бірінші, екінші сана дегенді білдіреді (яғни, материализм)
3. Биологиялық ақпарат және тіршіліктің өзін-өзі қайта-жаңғырту ережесі: тірі ағзалар сыртқы ақпараттың қатысуымен (эпигенетикалық) өзінің жеке (генетикалық) ақпараты негізінде қайта жаңғырады.Оның нәтижесінде ағзаның жеке дамуы жүреді (онтогенез).
4. Тірі жүйелердің өзін-өзі реттеу ережесі: тірі жүйелер өздерінің ішкі байланыстары мен тіршілк жағдайларының тұрақтылығын сақтап тұрады (гомеостаз).
5. Өзін-өзі ұйымдастыру және биологиялық эволюция ережесі: тіршілік иелері өзін-өзі ұйымдастыру нәтижесінде өлі химиялық жүйелерден пайда болып, тұқымқуалайтын өзгергіштік пен қоршаған ортаның өзгерістеріне жоғары бейімделген ағзалар популяциясының табиғи сұрыпталуы негізінде қайтымсыз тарихи даму үстінде (филогенез)
Достарыңызбен бөлісу: |