Жағдайлық есептер: 1. Пробиркаларда a-аланин мен a-кетоглутар қышқылының қоспасы бар: бірінші пробиркаға - бауыр гомогенаты, екіншісінде – алдын ала қайнатылған бауыр гомогенатын қосты. Пробиркаларды оптимальды температуралық жағдайда 30-минут уақытқа қойды. Қай пробиркада қандай реакция өтеді? Қандай өнім түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен басқа пробиркада реакция жүрмейді? Түсіндіріңіз.
2. ПЖҚ-ң декарбоксилденуі кезінде бір жағдайда сірке альдегиді, ал екінші жағдайда – ацетил-КоА түзіледі. Декарбоксилдену реакцияларының айырмашылығы неде?
3. Амилаза ерітіндісінің үш pH мәні әртүлі буферлі ерітінділерге құйылады: бірінші пробиркада – 1,5; екіншісінде – 6,8; үшіншісінде – 8,0. Содан кейін барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісі қосылды, бөлме температурасында қалдырады. Люголь түсті реакция өткізді. 1-ші және 3- ші пробиркада қою – көк түс пайда болады, 2-ші пробиркада қызыл – қоңыр. Бұл нені көрсетеді.
7. Әдебиет Негізгі:
Плешкова С.М. және т.б. «Белоктар. Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 1 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111 бет.
У. Сайпіл, Абитаева С.А. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер»., Алматы 2000ж., б. 4-48, 73-92.
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж..
Қосымша: Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Строев Е.А. “Биологическая химия”, Москва,1986г.
Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г.
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004.
№ 7 ОСӨЖ
Тақырыбы:Оксидоредуктазалар: дегидрогеназалар, цитохромдар, каталаза, пероксидаза, оксигеназалар. Оксидоредуктазалардың құрамына кіретін витаминдер
2. Мақсаты: 1) Оксидоредуктазалардың- құрылысы,қасиеттері және рөлі туралы білімді терең түсінгендігін тексеру.
2) Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істеу және жағдайлық есептерді шешу арқылы дағдыландыру