Биологиялық химия Кафедрасы



бет215/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктары, қалдық азоттың заттары, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.




  1. Мақсаты:

    1. Студенттерде қан плазмасының негізгі органикалық қосылыстары, олардың қалыпты мөлшері және олардың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы туралы алған білімдерді бекіту;

    2. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.



3. Оқыту міндеттері:

  1. Жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу;

  2. Кестелер толтыру;

  3. Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.



4. Сабақты өткізу түрі:

  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

  2. Компьютерлік класта видеофильмдерді көрсету

  3. НОЛ-да биохимиялық анализаторлардың жұмысын көрсету.

*нұсқау – екі пункті міндетті түрде жүргізу.



  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары: студенттер шағын топтарда жағдайлық есептер мен жаттығуларды шығарады және кестелерді толтырады.

Топты шағын топшаларға бөліп алуды ұсынылады. Барлық студенттер барлық кесетелерді толтыру үшін әр топшаға кезегімен кесте толтыру жұмысы беріледі. Шағын топта жұмыс жасау –бұкіл топ 5-6 топша болатындай 3-5 студенттен үш топшаға бөлінеді.

1 кесте – Қан плазмасының негізгі белоктары, олардың ролі, диагностикалық маңызы





Белоктар

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Патология кезінде өзгеруі

Альбуминдер









Глобулиндер:
1 - глобулиндер









2- глобулиндер









- глобулиндер









- глобулиндер









Фибриноген







2 кесте – Қан плазмасының қалдық азотының құрамына кіретін заттар





Өкілдері

Қан плазмасындағы қалыпты мөлшері

Неден және қай жерде түзіледі

Қандай жағдайда қандағы мөлшері артады

Мочевина












Несеп қышқылы










Креатин












Креатинин










Жалпы билирубин










Индикан










Гомоцистеин










3 кесте. Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары





Өкілдері

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Қайда және қандай үдерістің нәтижесінде түзіледі

Қандай жағдайларда қандағы мөлшері артады

Қандай жағдайларда қандағы мөлшері төмендейді

Глюкоза













ТТЛП/ТЖЛП













Лактат













пируват













Кетон денелері













Триглицеридтер













Холестерин













Кестелерді толтырған соң және оқытушы оларды тексерген соң студенттер кафедраның оқу құралында берілген жаттығулары мен жағдайлық есептерді шығарады. Жұмысты шағын топтарда жалғастыруға болады. Оқытушы аудиторияда болып, студенттердің жұмысын бақылап отырады. Қажет болған жағдайда түсіндіреді және нәтижелерін тексереді.




Жағдайлық есептер:

    1. Зерттелетін қан сарысуында қалдық азоттың мөлшері: 100 мМоль/л. Бұл жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады?

    2. Зерттелетін қан сарысуына күкіртқышқылды аммонийдің қаныққан ерітіндісі қосылған. Тұнба пайда болды. Қандай белок тұнбаға түсті?

    3. Науқастың қанында операцияның алдында қалдық азоттың мөлшері 50 мМоль/л болды, осы науқасқа операция жасауға бола ма? Неліктен?

    4. Қан сарысуын фракциялау кезінде төмендегі жайттар анықталды: қан сарысуындағы жалпы белоктың көрсеткіші қалыпты мөлшерде болғанымен, жеке белоктардың пайыздық құрамы (%): альбуминдер - 40, альфа-глобулиндер – 10, бета-глобулиндер – 10, гамма-глобулиндер -38. Бұл кімнің (науқастың немесе дені сау адамның) қан сарысуы? Не себепті бұлай ойлайсыз?

    5. Жер сілкінісінен кейін науқас ауыр заттың астында ұзақ уақыт қалып қойған, бұлшық етінің жаншылуы байқалады. Бұлшық ет зақымдануы кезінде қанда қандай ферменттердің мөлшері артады?

    6. Науқастың жүрек бұлшық етінің жедел зақымдануы (некроз - өліеттену немесе инфаркт) дамыған. Миокард инфаркты кезінде қанның құрамында қандай ферменттер мен белоктар артады?

    7. Ұзақ уақыт бойы дене еңбегімен айналысқан студенттің бұлшық етінде, әсіресе, балтырында ауырсыну байқалды. Ұзақ уақыт және ауыр дене еңбегімен айналысқанда неліктен бұлшық ет ауырады? Біраз уақыттан соң осы ауырсыну сезімі неліктен басылады?

    8. Қан сарысуында С-реактивті белоктың пайда болуы нені білдіреді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет