1.Тақырыбы:Энергия алмасуы.Катаболизмнің арнайы жолдары, үшкарбон қышқылдарының циклі. ҮҚЦ-нің мәні, реакциялардың реті, атқаратын қызметі. Биологиялық тотығу. Электрондардың тасымалдану тізбегі. Тотығудан фосфорлану. Тотығудың негізгі түрлері.
2. Мақсаты:
1.Студентердің энергия алмасуы,оның негізгі сатылары және олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тотығу түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
4.Кәсіби әдебиетпен жұмыс жасау барысында дағдылары мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері: 1. Студенттерді көмірсулардың, белоктардың және липидтердің ортақ ыдырау жолдарын түсінуге үйрету.
2.Студенттерді Кребс циклі, биологиялық тотығу, тотығудан фосфорлану және олардың энергияны түзудегі маңызын түсінуге үйрету.
3.Энергия алмасуы сатыларының өзара байланысын анықтау.
4.Тотығу түрлерін талдау.
5. Студенттердің энергия алмасуы туралы алған білімдерін, келесі тақырыптарды түсінуге пайдалану.
6. Студенттердің осы тақырыпта алған білімдерін жағдайлық есептерді шешуде пайдалану.
7. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
8. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу: ҮКЦ, БТ, ТФ, тыныс алуды бақылау, Р/О коэффициенті, ИДГ, МДГ, СДГ, альфа-КГДГ комплексі
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Энергия алмасуы,түсінік.
2. Энергия алмасуының сатылары.
3. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, белоктардың арнайы катаболизм жолдары арқылы актівті сірке қышқылына дейін ыдырау.
4. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары.
5. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, сүтегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.
6. Тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз не? Ол неге тәуелді?
7.БТ кезінде энергияның бөлінуі. БТ тізбегіндегі ферменттердің белгілі бір ретпен орналасуы немен байланысты?
8. Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті. 9. БТ мен ТФ қабысу нүктелері. 10. Электрондардың тасымалдану тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау. 11. ТФ мен БТ ажырауы 12. Ферменттік ансамбльдер (немесе ферменттік комплекстер). 13. Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері. 14. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. 15. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері. 16. Пероксидті тотығу (бос радикалды тотығу), осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі. 17. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар