2.Жазбаша сұрау– билеттер бойынша жүргізіледі.
3. Шағын топтармен жұмыс істеу. 3 топшаға бөлінеді де, Практикум бойынша зертханалық жұмыс жасайды. Шағын топта жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыстарын жалпы талқыға салады, қорытындылайды.
6. Әдебиеттер: Қазақ тілінде Негізгі:
1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-97 б.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. – 6-66; 405-449 б.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
4. Биохимия кафедрасының оқытушылары: «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы», Алматы, 2009ж, 1-бөлім, 13-87б.
Қосымша: 1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
4. Плешкова С.М. және басқалары «Биологиялық химиядан практикум», Алматы, 2004ж.
5.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф.“Биологическая химия”,Москва,2004,с.78– 88; 90 - 111 6. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.10-17, стр.19-27, стр.44,50,59-65, стр.141-149
7.. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 37; 101 - 117
7. Бақылау Бұл сабақтағы құзырлылықты бағалау қамтиды
«Білім» құзырлылығын бағалау: билеттерге жазбаша жауаптар берілуі арқылы жүргізіледі. «Тәжірибелік дағды» құзырлылығын бағалау: зертханалық жұмыстарды қалай жасағаны мен нәтижелерін қалай қорытындылауына қарай бағаланады.
№ 10 Сабақ
1.Тақырыбы: Витаминдер. Витаминдер, түсінік, біріншілік және екіншілік авитаминоздар, гиповитаминоздар, жіктелуі. Суда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.
2. Мақсаты: Студенттерді витаминдер, гипер-, гипо-, авитаминоздар, провитаминдер, витамерлер және антивитаминдер түсініктерін ажырата білуге үйрету.
Витаминдердің ферменттермен байланысы, олардың зат алмасуды реттеудегі ролі туралы білім қалыптастыру.
В тобы витаминдерінің химиялық табиғаты, олардың табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі туралы білім қалыптастыру.
Жаңа терминдер мен түсініктерді рольдік ойын барысында қолдана отырып, енгізу.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.