Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету үшін ұлттық стандарттарды тізімдеңіз және сипаттаңыз.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 20 22 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ.
Биологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттар негізінде қамтамасыз етіледі:
1) патогенді биологиялық агенттермен тек қана әскери емес мақсаттарда жұмыс істеу;
2) биологиялық қатерлерді алдын ала тану;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді бақылауда ұстау;
4) мемлекеттік реттеу шараларының мөлшерлес болуы;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің басымдығы.
• "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жҥйесі туралы" ҚР
Кодексі (2020 жылғы 7 шілдедегі) .
• GXP стандарттары (ҚР ДСӘДМ №15 бҧйрығы).
• ҚР Мемлекеттік фармакопеясы 3 томдық.Бҧйрықтар мен қаулылар
(бҧйрықтар №754, №680, №232, №227, №735, №736, №27, №262,
№405, №76 және т. б.)
• "Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті ӛндірістік
практикасының қағидаларын бекіту туралы" Еуразиялық
экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 77
шешімі.
Патогендік биологиялық агенттердің жіктелуін тізімдеңіз.
Патогендік биологиялық агенттер (ПБА) адам үшін патогенді микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиоздар, риккетсиялар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар), генетикалық түрлендірілген микроорганизмдер, биологиялық текті улар (токсиндер), гельминттер, сондай-ақ қан, материал (соның ішінде) биологиялық сұйықтықтар мен дене экскрециялары) құрамында аталған агенттер бар.
Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс патогендік биологиялық агенттердің патогенділігі мен қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуіне негізделеді:
1)Патогенділіктің I тобы (төмен қауіпті) – Адам немесе жануарлар ауруларының ықтимал қоздырғышы болып табылмайтын микроорганизм. (бактериялар, вирустар,.саңырауқұлақтар, қарапайымдар);
2) патогенділіктің II тобы (орташа қауіпті) – Ауру тудыруы мүмкін, бірақ қызметкерлерге, халыққа, малға немесе қоршаған ортаға үлкен қауіп төндірмейтін патоген. Зертханадағы абайсыздық инфекцияны тудыруы мүмкін, бірақ емдеу жəне алдын алу шаралары бар. Таралу қаупі шектеулі,(бактериялар, хламидиоз,риккетсия, вирустар, токсиндер, эрлихи, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер, буынаяқтылар);
3) патогенділіктің III тобы (жоғарғы қауіпті) – Әдетте адамның немесе жануарлардың ауыр ауруын тудыратын, бірақ əдетте науқастан сау адамға таралмайтын патогендік агент. Тиімді емдеу жəне профилактикалық процедуралар бар, (бактериялар, хламидиоз, риккетсия, вирустар, токсиндер);
4) патогенділіктің IV Тобы ( аса жоғары қауіпті) – Патогендік агент əдетте адамдарда немесе жануарларда ауыр ауруды тудырады жəне науқастан сау немесе жанама түрде оңай таралады. Көптеген жағдайларда тиімді шаралар жоқ, (вирустар, бактериялар);
Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын тізімдеңіз.
1. Зертхананын үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын талаптар:
2. III - IV топтағы ПБА-мен жұмыс жүргізетін микробиологиялық зертханалар жеке тұрған ғимаратта немесе ғимараттың оқшауланған бөлігінде орналасуы керек.
3. Зертхананың кіреберіс есігінде зертхананың атауы (нөмірі) жəне "биологиялық қауіп"халықаралық белгісі белгіленуі тиіс.
4. Зертханаларды тұрғын ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді.
5. III топтағы ПБА-мен жұмыс істейтін өндірістік зертханалар жеке ғимараттарда немесе жеке кіреберісі бар ғимараттың оқшауланған блогында орналасуы керек, ал IV топтағы ПБА-мен жұмыс істейтін өндірістік зертханалар өндірістік ғимараттың оқшауланған блогында орналасуы мүмкін.
6. III - IV топтағы PBA-мен зерттеу жүргізетін диагностикалық зертханалардың 2 кірісі болуы керек: біреуі қызметкерлер үшін, екіншісі материалды зерттеуге жеткізу үшін. Материалды беру терезесі арқылы алуға рұқсат етіледі.
7. III - IV топтағы ПБА-мен эксперименттік зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу ұйымдарының зертханаларында, сондай-ақ өндірістік зертханаларда бір кіреберістің болуына жол беріледі.
8. Зертхана суық жəне ыстық сумен, кəрізбен, электрмен, жылумен жəне желдетумен қамтамасыз етілуі керек.
9. Зертхананың барлық үй-жайларында қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкес табиғи жəне жасанды жарықтандыру болуы тиіс.
10. Көлемдік-жоспарлау шешімдері мен жабдықтарды орналастыру III - IV топтардың, персоналдың ПБА қозғалысының ағымын жəне осы Санитариялық қағидалардың талаптарын орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
11. Зертханаларда жұмыс жəне көмекші үй-жайлар (бөлмелер) жиынтығы болуы тиіс. Үй-жайлардың жиынтығы жəне олардың жабдықталуы зертхананың нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
12. Зертханалардың үй - жайлары "жұқпалы" аймаққа бөлінеді, онда III-IV топтағы ПБА-мен манипуляциялар жүзеге асырылады жəне оларды сақтау жəне микроорганизмдермен жұмыс жүргізілмейтін "таза" аймақ жəне оларды сақтау.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін сипаттаңыз.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар беру;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беру;
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;
5) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді;
2) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді;
7) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды;
9) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды;
10) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді;
11) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді:
12) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 7) тармақшаларында көзделген функцияларды өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырмайды.
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіпті деп танылған биологиялық заттардың есепке алынуын жүргізуді жүзеге асырады.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері туралы айтып беріңіз.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары. Биологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттардың негізінде қамтамасыз етіледі: 1) патогенді биологиялық агенттермен тек қана әскери емес мақсаттарда жұмыс істеу: бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және (немесе) оның қорларын жинақтау, пайдалану мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Биологиялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері (зертханалық тәжірибелер мен әдістер үшін)
• Қолды жуу маңызды
• Аэрозольдарды азайту үшін материалды манипуляциялау
• Жеке қорғаныс құралдарын үнемі пайдалану
• зертханалар өндірістік ғимараттың оқшауланған блогында орналасуы мүмкін.
• Зертхана суық жəне ыстық сумен, кəрізбен, электрмен, жылумен жəне желдетумен қамтамасыз етілуі керек.
• табиғи жəне жасанды жарықтандыру болуы тиіс.
• Санитариялық қағидалардың талаптарын орындалу керек;
6) Зертханалық жағдайда биологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын сипаттаңыз.
1. Зертхананын үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын талаптар:
2. III - IV топтағы ПБА-мен жұмыс жүргізетін микробиологиялық зертханалар жеке тұрған ғимаратта немесе ғимараттың оқшауланған бөлігінде орналасуы керек.
3. Зертхананың кіреберіс есігінде зертхананың атауы (нөмірі) жəне "биологиялық қауіп"халықаралық белгісі белгіленуі тиіс.
4. Зертханаларды тұрғын ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді.
5. III топтағы ПБА-мен жұмыс істейтін өндірістік зертханалар жеке ғимараттарда немесе жеке кіреберісі бар ғимараттың оқшауланған блогында орналасуы керек, ал IV топтағы ПБА-мен жұмыс істейтін өндірістік зертханалар өндірістік ғимараттың оқшауланған блогында орналасуы мүмкін.
6. III - IV топтағы PBA-мен зерттеу жүргізетін диагностикалық зертханалардың 2 кірісі болуы керек: біреуі қызметкерлер үшін, екіншісі материалды зерттеуге жеткізу үшін. Материалды беру терезесі арқылы алуға рұқсат етіледі.
7. III - IV топтағы ПБА-мен эксперименттік зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу ұйымдарының зертханаларында, сондай-ақ өндірістік зертханаларда бір кіреберістің болуына жол беріледі.
8. Зертхана суық жəне ыстық сумен, кəрізбен, электрмен, жылумен жəне желдетумен қамтамасыз етілуі керек.
9. Зертхананың барлық үй-жайларында қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкес табиғи жəне жасанды жарықтандыру болуы тиіс.
10. Көлемдік-жоспарлау шешімдері мен жабдықтарды орналастыру III - IV топтардың, персоналдың ПБА қозғалысының ағымын жəне осы Санитариялық қағидалардың талаптарын орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
11. Зертханаларда жұмыс жəне көмекші үй-жайлар (бөлмелер) жиынтығы болуы тиіс. Үй-жайлардың жиынтығы жəне олардың жабдықталуы зертхананың нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты өзгеруі мүмкін.