Биологияны оқыту құралдары жүйесінің жалпы сипаттамасы



Дата14.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#114593
Байланысты:
БОӘ презентация Фариза

Биологияны оқыту құралдары жүйесінің жалпы сипаттамасы

Орындаған: Пернебай Фариза, Гагарин Бердгул

Б-401

Оқыту құралдары – оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді.

  • Оқыту құралдары – оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді.
  • Биология кабинеті – биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшілігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән мұғалімі үшін кабинет, тек қана сабақ өткізуге арналған немесе тек жұмыс орны емес, ол әр-түрлі өсімдіктерді және жануарларды кездестіретін табиғаттың бір мүйісі болуы тиіс. Онда зертханалық, сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.

Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер /бейнелеуші/, сөздік немесе вебральды құралдар.

  • Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер /бейнелеуші/, сөздік немесе вебральды құралдар.

Табиғи немесе нақты нысандар – оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым –қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.Тірі табиғи нысандарға: арнайы таңдалған өсімдіктер – бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум және тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлар жатады.

  • Табиғи немесе нақты нысандар – оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым –қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.Тірі табиғи нысандарға: арнайы таңдалған өсімдіктер – бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум және тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлар жатады.
  • Табиғи оқыту құралдарын сабақта қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білімінің нақтылы бейнеден абстрактлы ойға шыңдалуына жәрдемдеседі. Мұндай құралдардың көмегімен оқушылар заттың мөлшерін, формасын, түсін толық бақылап толық мәлімет ала отырып, олардың эстетикалық ұнату қабілеті де қалыптасады.

Өңделген табиғи нысандарға:

  • Өңделген табиғи нысандарға:
  • ботаника пәні бойынша – кеппе шөп, практикалық сабақтарға арналған өсімдіктердің бүтіндей (демонстрациялы) және және жеке мүшелерінің (таратпа) оқу құралы ретінде қолданылатын түрлері жатады;
  • зоология пәні бойынша жәндіктердің коллекциясы, жануарлардың дамуы бойынша ылғалды препараттар, әр-түрлі систематикалық топтағы омыртқалылардың қаңқасы мен тұлпы (демонстрациялы), жануарлардың жеке бөлімдері (таратпа) және сүйек, балық қабыршақтары, құс қауырсыны т.б.
  • анатомия, адам гигиенасы мен физиологиясы пәні бойынша адам қаңқасы (демонстрациялы), жеке сүйектер, микропепараттар.
  • Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.

Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.

  • Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.

Сөздік немесе вебральды құралдар – олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.

  • Сөздік немесе вебральды құралдар – олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет