Ә мәтіні Газет мақаласынан үзінді Бала құқықтарын қорғаудағы әлеуметтік серіктестіктің мәні Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте – балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралыКонвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді. (202 сөз)
Тапсырма: Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170 – 200 сөз болуы қажет [20]