Бүгінгі күні ғалымдар антибиотиктерді балаларға ерте жастан беретін болса алдағы уақытта соның салдарынан салмағы ұлғайып, май басуға ұшырайтындығын дәлелдеп отыр. Зерттеушілер антибиотиктер ішек жолдарының бактериялар құрамына кері әсер етіп, ағзаның дамуын өзгертеді дейді.
Қорытынды
Жалпы, биотехнология – әртүрлі өнімдердің өндіріс мәселелерін шешу, энергияның өзге көздерін табу, биологиялық белсенді заттар мен антибиотиктердің синтезін жасау, қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу сияқты міндеттемелерді қамтыған ғылыми сала. Бұл мамандық түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады. Демек бұл микроорганизмді қолдану аумағын кеңейтеді.
Өндірістің маңызды өнімі өмір сүруге қабілетті микроорганизмді, оның табиғаты бойынша микроб жасушасы үшін негізгі үш топқа бөледі:
1. Ірі молекулалар (фемренттер, молекулярлық массасы 10 мыңнан бірнеше миллионға дейін жететін полисахаридтер);
2. Біріншілік метаболиттер (өсуге арналған қажет микроорганизмдер, қосылыстар, аминқышқылдары, пурин және пиримидиндінуклеотидтер, витаминдер);
3. Екіншілік метаболиттер (өсуге арналған қажет емес микроорганизмдер, қосылыстар, антибиотиктер, токсиндер, алкалоидтар, өсімдіктің өсу факторы);