жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. Оны өмірде көп пайдаланады.
«Әдемі» сөзінің синонимін табыңыз. А) Сұлу
В) Көңілді С) Нұрлы
Д) Сымбатты
2−мәтін Немересі мен ....
Саматтың атасы әбден қартайды. Ол жүре алмайды. Көзі көрмейді, құлағы естімейді. Самат атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады. Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Самат атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғысын айтты.
Мәтінің тақырыбын анықтаңыз.
Қамқорлық
Атасы
Мейірімділік
Бауырмалдық
3−мәтін Жаңбыр мен найзағай
Бұлт үстінде жаңбыр рақаттанып ұйықтап жатады. Найзағай жасырынып оған жақын келіп, қатты бақырып жібереді. Осы кезде шырт ұйқысынан оянған жаңбыр жылап қоя береді. Оның көз жасы жерге құйылады.
Ал адамдар мұны жаңбыр жауды деп ойлайды. Дала мен шабындық жуынып алады. Бидай мен шөптер де жуынады. Бұлт жылауын қойса, жаңбыр да тыйыла қалады.
Мәтінде не туралы айтылған? А)Жаңбырдың жаууы
В) Бұлттың жылауы
С) Бидай мен шөптердің жууынуы.
D) Найзағайдың қорқытуы
4−мәтін Бала Шоқан
Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Оның өзін де кезек күтіп, әрең дегенде қолдарына түсіреді. Осы кітаптардың әсерінен болар. Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің сыныптарындағы көп балаларға әсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар арасында жақсы өрістеді. Соның арқасында Шоқан бастаған сыныптың балалары озық, тәртіпті сыныпқа, үлгілі оқушылар атына ие бола берді.
Шоқан қандай кітаптарға қызықты?
А) Әдебиет
В) Қызықты шығармалар
Өткен он айдың ішінде мен бірнеше шабуылда болдым. Өлімді тіпті көп көрдім. Жақын жолдасыңның қиналып барып жан тапсыруын көруден ауыр не болады дейсің. Ол-жаныңа жаны қосылған досыңның өлімі, ол-тізе қосып бірге алысқан жолдасыңның өлімі.
Жауды мен аямаймын, оның өліміне ішім қынжылмайды: өйткені, мен адамды емес, адам бейнелі айуанды қырып жүргенімді жақсы білемін. Ал енді қасында ғана қызыл әскерше киінген қыршын жас өліп жатқанда жүрегің қатты ауырады, құрбылар! Осы ғажап қырғын, сұрапыл алыс үстінде жаныңа сүйеу болатын нәрсе: біздің жігіттер ерлерше өліп жатыр деген берік сенім. Олардың өлімінде де өмір бар!
«Ішім қынжылмайды» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
А) Жүрексінбейді В) Мұңаймайды
С) Жаным ашымайды Д) Жылымайды
Екінші абзацта не туралы айтылған? А) Жауды жеңу
В) Жауды аямау С) Жан қию
Д) Соғыстың көрінісі
6−мәтін Арпалыс
Айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан-жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе, тұра алмайды. Өзіне не болғанын білмейді. Аттан жығылған деуге сынған, мертіккен ештеңесі жоқ сияқты. Бірақ, тұла бойы ап-ауыр.
Жып-жылы бірдеңе маңдайын қайта-қайта сипалайды. Бұл не болды екен? Жүгенін сылдырлатып, қасына кеп, жылқы қайыратын шара көз шабдар айғыры жұп-жұмсақ еріндерімен мандайын ұйпалап, иіскеп тұрғаннан сау ма? Жоқ, әлде… Бірақ, олай болуы мүмкін емес. Ол ешқашан бұның маңайына бүйтіп жақындап көрген жоқ. Тек анадайдан анда-санда ғана бір жылжып қоятын. Ал, қазір… Қасына келгендей… Маңдайынан сипағандай. Құлағына бірдеңе деп күбірлегендей.
Мәтінде қарамен жазылған сөйлемнің мағынасын көрсетіңіз.
А) Алыс жер В) Тыныш жер
С) Адамсыз жер
Д) Ештеңе жоқ жер
Асты сызылған сөздің антонимін көрсетіңіз. А) Кейде
В) Кейбір С) Үнемі
Д) Ешқашан
7−мәтін
Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
Ауданға баратын адамның болмағанына С) Ертең сабаққа баратынына
D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
Қалауын тапса қар жанар.
Қырсыққан жігіт мал таппас.
Өтірік айтқаннан өлген артық..
Айдос неліктен жылап жіберді?
Туфлисіз қалғанына ренжіп.
Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
8−мәтін
Бір қыз бала орталық вокзалда пойыздың келуін күтіп отырды. Уақытты қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды.
Қораптағы печенье газет оқып отырған ер адам мен екеуінің ортасында тұрды. Ол бір печенье алған кезде ер адам да біреуін алды. Ер адамның бұл әрекетіне ол қаттытаңырқады, бірақ ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыраберді. Өзі іштей:
«Сене алар емеспін! Мен батылдау адамболсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады.
Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғаншажалғасты. Қыз бала ер адам қандай әрекет жасар екен депқарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан тең бөліп, бір жартысын қызға берді.
Қатты ашуланған қыз кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұлжерден кеткенше асықты. Ашуын басу үшін ол залдыңбасқа бір жеріне барып отырды. Ашуы тарқағаннан кейін олкітап алу мақсатымен
сөмкесіне қолын салды. Сонда ғанаол сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді.
Әңгіменің ортасында не болды? А) Пойыз күтіп отырды
В) Таңырқады
С) Печеньені қызға берді Д) Ашуы тарқады
Қыздың ашуланғанын білдіретін сөйлемді анықтаңыз.
А) Қатты ашуланған қыз кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұл жерден кеткенше асықты.
В) Ашуы тарқағаннан кейін ол кітап алу мақсатымен сөмкесіне қолын салды.
С) Өзі іштей: «Сене алар емеспін! Мен батылдау адамболсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады.
Д) Қыз бала ер адам қандай әрекет жасар екен деп қарап отырды.
«Батыл» сөзінің синонимін көрсетіңіз. А) Ересек
В) Қасиетті С) Қайсар Д) Жағымды
9−мәтін
Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға- іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.
Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.
Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.
Жаңа Семейге мағлұмат еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз.Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бек қуанып жатыр.Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.
Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.
Берілген мәтін қай стильде жазылған?
Ауызекі сөйлеу стиль
Ғылыми стиль
Публицистикалық стиль
Ресми ісқағаз стилі