Күз бен Қыс
Бір күні Қыс пен Күз кездесіп қалыпты.
-Мен төрт ай болғым келеді,-дейді Күз.
Қыс оған ашуланып:
-Жоқ, мен төрт ай болам –дейді де ұрыса береді. Осылай көп жыл жалғасыпты. Олардың қастарына жайдары, ашуланбайтын Жаз келіп ақылын айтады.
-Сендер неге ұрыса бересіңдер. Бірлікпен шешпейсіңдер ме? «Бірлік түбі тірлік»-деп босқа айтылмаған. Не жетпейді -дейді.
Қыс:
-Бұл Күз ғой мен төрт ай болғым келеді деген-дейді.
Күз:
-Жоқ, бәрін бастаған Қыс-дейді ашуланып.
Жаз:
-Неге үш ай болмайсыңдар. Бір жылда он екі ай емес пе? Үш ай Күз, үш ай Қыс, үш ай Көктем, үш ай Жаз болмай ма-дейді.
Олар әлі ойланып, бері ойланып бір шешімге келеді.
-Біз үш айдан боламыз,-дейді Қыс пен Күз.
Бірақ та күздің кейбір айының кейде қатты суық болуын қытымыр Қыстың Күздің бір айын тартып алуыннан деп те айтады.
Аманжол Юсыф Ерсайынұлы
Ақтөбе қаласы
Үш тілде оқытатын №21
мектеп гимназиясының
6 «Д» класс оқушысы
Достарыңызбен бөлісу: |