«Бір отан -бір отбасы» Сынып жетекші Кудесова С. М 2022-2023 о ж Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір отан -бір отбасы»



Дата13.06.2023
өлшемі17,03 Kb.
#100792
Байланысты:
5 сынып Бір Отан бір Отбасы


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір отан -бір отбасы»

Сынып жетекші Кудесова С.М



2022-2023 о.ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір отан -бір отбасы»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, бір отбасыдай бірлікте ынтымақтастықта тұруы,
арттыру;
2)Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3)Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік, РАФТ стратегиясы
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан – отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Құрметті оқушылар
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз.
Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады.
Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұя, бақытты Ел» моделін жасап шығарамыз.
Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы».
Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды.
Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы.
Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі.
Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».
Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады».
«Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы
бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен?
Сонымен «Бір Отан бір отбасы» ұғымы туралы балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді:
Ситуациялық сұрақтар қоры:
Оқиға Сіздің пікіріңіз
Сіздің сыныптасыңыз басқа ұлт өкілімен жақсы достық қарым-қатынаста, сіздің үйге қонаққа келгісі келеді. Сіз бұл жағдайға қалай қарайсыз
Толеранттылық ұғымы жайлы не білеміз? Мұғалім сұрағына балалар ауызша жауап береді
1. ІІ. Екінші қадам:
Отбасы, Отан, Татулық, Ынтымақ туралы мақал мәтелдердің мағынасын ашады.

ІІІ. Үшінші қадам:

Ә) Эйлор дөңгелегін әке, ана, балаға Отанға қатысты тірек сөздерді жазады.

ІҮ. Сонымен құрметті оқушылар!
Біз барлығымыз бір бір мемлекетте өмір сүреміз, және оны өз отбасымыз деп есептеймі. Мемлекет ішіндегі барлық ұлт өкілдерімен өз отбасымыздағыдай тату тәтті өмір сүруіміз керек
Сараптама
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, бір отбасыдай бірлікте ынтымақтастықта тұруы,
арттыру; Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу мақсатында 5 сынып оқушыларына «Бір Отан -бір Отбасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Барлық сынып қатысты. Оқушылар алдымен отбасы ұғымына анықтама берді. Оның негізгі қағидаларын айтып кетті, Содан кейін оның Отанмен байланысын сипаттады. Елімізде 130 артық ұлт өкілі тұрады. Солармен бір отбасындай тату тәтті өмір сүруіміз керек екені айтылды. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылар Отан, ата-ана, достық, ынтымақ туралы мақал мәтелдер айтып, олардың мағынасын ашуға тырысты. Ұлтаралық достыққақ байланысты мысалдар келтіріп, ситуациялық сұраққа жауап берді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет