Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет29/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
6.6-бап 

 

Тәуекелдерді басқару 

 

1.  Әрбір Тарап кедендік бақылау мақсаттары үшін тәуекелдерді басқару 



жүйесін құрады немесе оны күшінде сақтайды.  

 

2.  Әрбір  Тарап  тәуекелдерді  басқару  жүйесін  халықаралық  саудада 



ерікті  немесе  негізсіз  кемсітушілікке  немесе  жасырын  шектеулерге 

жол бермейтіндей етіп қалыптастырады және қолданады. 

 

3.  Әрбір  Тарап  кедендік  бақылауды  және  мүмкін  болатын  дәрежеде 



шекарадағы басқа да тиісті бақылау түрлерін тәуекел деңгейі жоғары 

жүктерге  шоғырландырады  және  тәуекел  деңгейі  төмен  жүктерді 

шығаруды жеделдетеді. Тарап өзінің тәуекелдерді басқару жүйесінің 

бір  бөлігі  ретінде  осындай  бақылау  түрлерінен  өткізу  үшін 

партияларды көздейсоқ тәртіппен таңдай алады. 

 

4.  Әрбір 



Тарап  тәуекелдерді  басқару  жүйесін  тиісті  іріктеу 

өлшемшарттары бойынша тәуекелдерді бағалауға негіздейді. Мұндай 

іріктеу  өлшемшарттары,  өзгелермен  қатар,  Үндестірілген  жүйенің 

кодын, тауарлардың сипаты мен сипаттамасын, олардың шығарылған 

елін,  тауарлар  тиеп  жіберілген  елді,  тауарлардың  құнын,  сауданы 

жүзеге  асыратын  адамдардың  заңнама  талаптарын  сақтауы  туралы 

ақпаратты, сондай-ақ көлік құралының типін қамтуы мүмкін. 

 

5.  Осы баптың мақсаттары үшін Тараптар кеден органдарына өткізілетін 



тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсынуға 

жәрдемдесуге тырысады. 

 

 

6.7-бап 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет