Біреуім екеу болды мал қосылды, Қораға бұзау, лақ, қозы толды. Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп, Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды



Pdf көрінісі
Дата06.02.2017
өлшемі321,23 Kb.
#3528

Наурыз мерекесі ҚазҰУ-да 

 

Біреуім екеу болды - мал қосылды, 



Қораға бұзау, лақ, қозы толды. 

Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп, 

Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды. 

Ұзамай қарда кетер, жаз да болар, 

Сай-сала гүрілдесіп суға толар. 

Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып, 

Шалғынға көкорайлы ауыл қонар. 

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды, 

Кешегі көрген бейнет артта қалды. 

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын, 

Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды. 

 

Бейімбет Майлин 

 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігіне  25  жыл  және  Алматы 



қаласының  1000  жылға  толуына  орай  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университеті  ұжымы,  студенттері  мен  қонақтары  Ө.Жолдасбеков  атындағы 

студенттер  сарайының  алаңында  «Наурыз  –  нұрлы  жол»  атты  көктем 

мерекесін  кең  көлемде  атап  өтті.  Мерекеге  Қытай,  АҚШ,  Түркия,  Иран, 

Испания,  Франция,  Германия,  Корея,  Үндістан  және  т.б.  мемлекеттер 

елшіліктерінің  бас  консулдары  және  БҰҰ,  ЭСКАТО,  АӨЫСШК 

ұйымдарының  Қазақстандағы  өкілдері  қатысты.  Жадыраған  көктеммен 

жарыса келген ұлы мереке жұмыр жердің бетіндегі барлық тіршілік иелеріне 

қуаныш алып келді. 


 

Концерттік бағдарламаны дәстүрлі түрде ҚазҰУ-нің «Фараби сазы» ұлт 

аспаптар оркестрі ашты. 

Мерекелік  шараның  басын  ҚазҰУ  ректоры  Мұтанов  Ғалымқайыр 

Мұтанұлы  ашты.  Ғалымқайыр  Мұтанұлы  өз  сөзін  келесідей  жүрек  жарды 

тілегімен бастады: «Наурыз мерекесі – ұлтымыздың осы күнге дейін жеткен 

сындарлы  жетістіктері,  қуанышты  жеңістерімен  үндескен  мереке.  Достық 

пен  келісім,  сенім  мен  түсіністік  басты  ұстанымы  болған  қазақ  елін 

көркейткен  Елбасымыздың  еңбегінің  арқасында  жаңа  жылды  жаңа 

жетістіктермен  жарқын  болашаққа  деген  сеніммен  қарсы  алып  отырмыз»  - 

деді. 

 

Жаңару  мен  өркендеудің  мейрамы  болған  Наурызды  ҚазҰУ  әр  жыл 



сайын  жаңашылдықпен  қарсы  алатыны  дәстүрге  айналған.  Биылғы  жыл  да 

өзгерістер мен жаңалықтарға толы жыл, яғни арнайы шақырылған қонақтарға 

ҚазҰУ қалашығында жаңадан бой көтеріп, қолданысқа берілгелі отырған 25 

метрлік  жүзу  бассейнінің  ғимараты  таныстырылды.  Сонымен  қатар 

«Керемет»  студенттерге  қызмет  көрсету  орталығы  –  оқу-ағартушылық, 


медициналық,  заңгерлік,  қаржылық  және  мәдени-көңіл-көтеру  қызметтерін 

бір  терезе  қағидасы  бойынша  ұсынушы  студенттерге  арналған  жастар 

ресурсты  орталығы  көрсетілді.  Орталық  жөніндегі  өз  ойын  Қытай  елінің 

Қазақстандағы  бас  консулы  Чжан  Вей:  «Университет  көлемінде  сервистік 

қызметтерді ұйымдастырып, бір тұстан, бір мезетте жүзеге асыру – әлемдегі 

өзге  үздік  унисерситеттерге  үлгі  болатын  іс»,  -  деп  шынайы  ықыласпен 

білдірді. 

Ырыс  пен  ынтымақтың  жаршысына  айналған  мерекеге  арнайы  25-тей 

киіз үй тігіліп, 3 500-ден аса оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер 

қатысты. Жиылған көпшілікке ұлттық тағамдармен көмкерілген ақ дастархан 

жайылып, халықтық дәстүр бойынша жеті түрлі дәмнен даярланған қазақтың 

ұлттық тағамы - «Наурыз көже» таратылды. Үй йесі үлкен кісілерден наурыз 

көжеге бата сұрады. Ол кісілер: 

«Пәле-жала жерге енсін! 

Төрт түлік ақты болсын! 

Өрісің малға, үйің жанға толсын! 

Ақ мол болсын!» - деп бата берді. 

Үлкен-кіші,  кәрі-жас  қосылып  университет  студенттері  мен  көркем 

өнерпаздар  үйірмелерінің  мүшелері  дайындаған  концерттік  бағдарламаны 

тамашаласа, қазақтың ұлттық киімін киген жастар алтыбақан теуіп, ән айтты. 

Өнерпаздар атынан аталмыш мейрамды әспеттейтін «Бәйтерек», «Самұрық», 

«Күн», «Жақсылық пен жамандық», «Жердің оянуы», «Жеті дәннің туылуы», 

«Жібек  жолы»,  «Алматыға  1000  жыл»  атты  музыкалық-театрландырылған 

қойылымдар қойылды. Домбырадан күмбірлі күй төгіліп, би биленіп, өнерлі 

жастардың  сыйы  ретінде  әуезді  әндер  әуеледі.  Университеттің  талантты 

жастары  бар  өнерлерін  ортаға  салып,  қазақ  халқының  атадан  балаға  мұра 

болып қалған салт-дәстүрін еске түсірді.  

 


 

Салтанатты  шарадан  кейін  жиылған  қауым  ақ  шаңқан  киіз  үйде 

дайындалған  наурыз  дастарханынан  дәм  татты.  Қазақ  халқының  дәстүрлі 

тағамдарынан бауырсақ, ет, қазы-қарта, ал сусындарынан қымыз, шұбат, шай 

қойылды. Аға буын өкілдері жастарға баталарын беріп, шежіреден біраз сыр 

таратты. 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  Ұлыстың  ұлы  күні  Наурыз  жыл  басы  деп 

есептелінген.  Халықтың  мифологиялық  түсінігі  бойынша  21  наурыз  түні 

даланы  Қыдыр  аралайды.  Ұлыс күні  қазақ  елі үшін  әрқашан  қасиетті,  киелі 

саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп, ауылдың ер адамдары бір-бірімен 

қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер 

айтады.  Бірін-бірі  мерекеге  арнап  дайындалған  наурыз  көже  ішуге 

шақырады.  Оған  қойдың басы  мен  сүр  еті  салып  пісірілуі  –  қыс  тағамымен 

(етпен)  қоштасуды,  құрамына  ақтың  қосылуы  –  жаз  тағамымен  (сүт,  ақ) 

қауышуды  білдіреді.  Әдетте,  осы  күні  адамдар  арам  пиғыл,  пендешілік 

атаулыдан  тазарып,  ар-ожданы  алдында  арылады.  Ауыл  ақсақалдары 

араларына  жік  түскен  бауырлас  ел,  руларды,  ағайын,  дос-жарандарды  бір 

дастарқаннан  дәм  таттырып,  табыстырған,  жалғыз  жарым  жетімдерді 

үйлендіріп,  жеке  отау  еткен.  Кембағал,  мүгедектерді  жақын  туыстарының 

қарауына  арнайы  міндеттеп  тапсырған.  Жұтқа ұшырап  қиналғандарға  жылу 

жинап  берген.  Алтыбақан  басында  ән  айтылып,  күй  тартылады.  Дәстүрлі 

ұлттық  ойындар  (көкпар,  аударыспақ,  күрес,  қыз  қуу,  алтыбақан,  теңге  ілу 

т.б.)  ойналады.  Таң  ата  көпшілік  биік  төбенің  басына  шығып,  атқан  таңды 

қарсы алады. 

Наурыз  —  қазақша  жыл  басы.  Бұрынғы  кезде  әр  елде наурыз  туғанда 

мейрам  қылып,  бас  асып,  қазан-қазан  көже  ішіліп,  ауылдан-ауылға,  үйден-

үйге  жүріп  кәрі-жас,  қатын-қалаш  бәрі  де  мәз  болып  көрісіп,  араласып 


қалушы  еді.  Бүгінгі  таңда  ол  ғұрып  қазақ  арасында  қалып  бара  жатқан 

секілді,  наурыздың  қай  айда,  қай  күні  болуы  хақында  әр  түрлі  сөйленеді. 

Біреулер  «Наурыз»  наурыздың  бірінде,  екіншілер  тоғызында  келеді  деседі, 

һәр  жұрттың  белгісі  күнде  жаңа  жыл  туады,  ескі  жыл  бітіп,  жаңа  жыл 

басталғанда:  «Іс  жаңа  жыл  қайырлы  болсын,  жаңа  бақыт  кәсіп  болсын»  — 

деп  құттықтасады,  ол  күнді  мейрам  қылып  шаттықпен  өткізеді.  Орыстың 

Жаңа  жылы  қыс  ортасында,  нағыз  сақылдап  тұрған  суықта  келеді,  біздің 

Жаңа  жылымыз  —  Наурыз  көктемнің  басында  болсын,  ортасында  болсын, 

әйтеуір  наурызда  келетін  болса,  шын  мағынасымен  Жаңа  жыл  деп  айтуға 

лайық.  Күн  жылынып,  қар  еріп,  жан-жануар  жаздың  жақындағанын  сезіп 

көңілденген  кез.  Шаруа  адамдарының  бейнеттен  қолы  шешіліп,  алты  ай 

баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп демалып отырған кез. Ағаш, шөптер 

қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір 

бүйірлеп  жүруін  қойып  жоғары  көтеріліп,  бүтін  ғаламға  нұрын  шашып 

үйсізді  үйлімен  теңгеріп,  бай  мен  жарлыға  бірдей  сәуле  беруге  тұрған  кез. 

Міне,  табиғаттың  осындай  көңілді  өзгерістерінің  кезеңінде  біздің  Жаңа 

жылымыз  Наурыз  туып,  ата  ғұрпымызды  ұмытпай,  белгілі  бір  күнді  басы 

қылып алсақ ұнамды іс болар еді. 

Университет  басшылығы  мен  мейрамның  құрметті  қонақтары  бірігіп, 

еліміз бен өзге мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас ұлғая берсін 

деген ниетпен қалашықтағы «Бақша әлеміне» жас талдар отырғызды. 

Ұлттық  болмысымызды  дәріптейтін  Наурыз  мерекесін  салт-

дәстүрлеріміз  және  әдет-ғұрыптарымызды  сақтай  отырып  өткізу  –  қазақ 

болып жаратқан Жаратушы Иемізге шүкір етіп, мақтан тұтуымыз деп білейік. 

Бірлік  пен  татулықты,  мейірімділік  пен  инабаттылықты  паш  ететін  жарқын 

мерекелердің  бірі  –  әз-Наурыз  құтты  болсын!  Ұлыс  оң  болсын,  ақ  мол 

болсын!  Өз  атымыздан  барша  қазақ  елін  Наурыз  мерекесімен  құттықтап, 

жаңа жыл жайлы болуын тілейміз. 



 

Ж.Е. Темирбекова 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет