«Бірге жазылатын сөздер емлесі» Орындаған: Кабдылкаримова Айгерим Астана 2023жыл



Дата25.05.2023
өлшемі63,27 Kb.
#97188
Байланысты:
8сөж


«Бірге жазылатын сөздер емлесі»
Орындаған: Кабдылкаримова Айгерим


Астана 2023жыл

Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі. Ботаника, зоология терминдерінің ішінде мынадай жолмен жасалған күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:бірінші сыңары ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз деген түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, түйе, бота, қозы, ат, қоян, аю, бөрі немесе ит, құм, су деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айрылған сөздер тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады: алақоржын (тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар), ақбілек, көкқасқа, көкнайза, қызылбас, (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға (балықтар), Ескерту: Ақ, қара, қызыл ,қоңыр, шұбар сияқты сын есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш, қызыл бұрыш, сұр жылан, шұбар бақа.бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе әртүрлі есім сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қарағаш, қарақұрт, қаражидек, қарабидай, қызылжидек, қызылбалық, сарышөп, сужапырақ.

Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке (ойын аттары); беташар. Тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар. Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сөздер және бірінші сыңары ,әсіресе, көп сөздерімен келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино,гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келетін тіркестер бірге жазылады. Мысалы: халықаралық, ауданаралық, континентаралық; жаратылыстану, шығыстану, абайтану; тілтаным, дүниетеаным, жартас, қойтас, жылыжай, саяжай, мекенжай, ашықхат, қолхат, ауруханаішілік, рұқсатқағаз, тұсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, агрошаралар, ультракүлгін, гипержазықтық, көпбалалы, көпдінді, көпұлтты.Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады.

  • Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке (ойын аттары); беташар. Тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар. Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сөздер және бірінші сыңары ,әсіресе, көп сөздерімен келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино,гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келетін тіркестер бірге жазылады. Мысалы: халықаралық, ауданаралық, континентаралық; жаратылыстану, шығыстану, абайтану; тілтаным, дүниетеаным, жартас, қойтас, жылыжай, саяжай, мекенжай, ашықхат, қолхат, ауруханаішілік, рұқсатқағаз, тұсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, агрошаралар, ультракүлгін, гипержазықтық, көпбалалы, көпдінді, көпұлтты.Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет