"Біргеміз: ТҮЛЕК-2022"
Жүргізуші Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар Қадірменді қонақтар,11-сынып түлектері.
Жүргізуші Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата - аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл - қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналып отыр. Ендеше, осынау ерекше көңілді кешті «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын, куәлік тапсыру кеші біздің мектебімізге де келіп жетті.
Жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.
Жүргізуші:
Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата-салтың, ғұрыптарың.
Кір келтірме ата-ана, мектебіңе,
Өскен ұя, ордаңды ұмытпағын.
Жүргізуші Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған, бәлкім, баршаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақырайық,
Түлектер келсін кәне, ортамызға.
11-сынып түлектері шығады Жүргізуші:
Ұл балалар- «Жарқын өмір игілігі - жақсылық» деген мақсат бойынша өмір сүреді.
Жүргізуші: Қыз балалар мінездері жағынан – сабырлы періштелер. Олар асықпайды, сабақтарда ұстамды, «ақырын жүрсең алысқа жетесің» деген мақсатпен өмір сүреді
Жүргізуші:Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген ұстаздар. Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде білімдерін саралап мектеп бітіруші түлектер куәлік иесі атанып жүр.
Жүргізуші:Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.