Біріккен сөздердің орфограммасы
Сөздердің бөлек, бірге таңбалануы – адамның психофизиологиялық болмысына әсер ететін “көру-жазу тіліндегі”(Ф.Соссюр) ерекше құбылыс. Тіпті этностың дүниетанымдық сипаты мен этнос тілінің сөзжасамдық үлгісінің ерекшелігі болып табылатын да белгі дейді ғалымдар. Неміс оқымыстысы Л.Вейсгербер неміс тілінде сөздерді біріктірудің өнімді тәсіл болуын ұлттық ойлаудың абстракті сипатыныңкүштілігіне теңгереді. Тілдік таңбаны бүтін көру (яғни оқу) немесеарасын үзбей жазу адам санасының жоғарылауынан, ой тұтастығы мен ұғым бірлігінен, жалпылық пен абстрактіліктен өрбиді.
«Бірге жазамыз ба, бөлек жазамыз ба?»деген сауал барлық тілдердің емле мәселесіне айналып отыр. А.А.Реформатскийдің 1937 жылы “орфографияның ешбір проблемасы сөздердің бірге, бөлек, дефиспен жазу мәселесіндей қиындық тудырмайды” деген сөзін бүгін де қайталауға болады.
Алдымен ұғымдарды айырып алсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |