Біріктірулер (Құрастырулар)


Құрастыру бірлігі және тетіктердің сызбалары



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі262,68 Kb.
#136055
1   2   3
Байланысты:
12.Апта

Құрастыру бірлігі және тетіктердің сызбалары

Жобалау сатысында: техникалық ұсыныс (МЕСТ 2.118 – 73), нобай жобалауы (МЕСТ 2.119 – 73) және техникалық жобалау (МЕСТ 2.120 – 73) кезінде бұйымның жалпы көрінісінің сызбасы дайындала бастайды.


Жобалаудың келесі сатысында бұйымның жалпы көрінісінің сызбасы негізінде, әрбір тетіктің жұмыс сызбасы, құрастыру сызбасы, сипаттізім, монтаждау және ауқым сызбалары орындалады.
Жалпы көрініс сызбасы бұйымның конструкциясын, құрамындағы бөліктердің бір біріне әсерін, жұмыс атқару принциптерін анықтайтын құжат болып есептеледі.
Жалпы көрініс сызбасында төмендегі мағұлыматтар қамтылуы қажет:
1.Көріністер кескіні, тілік және қима, мәтін бөлігі, бұйымның конструкциялы бөлігігің түсінігі, құрамдағы тетіктердің бір- бірімен іс қимылы, бұйымның жұмыс істеу принципі.
2.Техникалық талаптар, материалдар, саны, бұйымның жұмыс принципын баяндайтын құрам бөлшектері, жалпы көрініс кескіні туралы түсінік.
3.Қажет өлшемдер, техникалық сипаттама, қажет жағдайда бұйымның сұлбасы.
Сызба МЕСТ 2.109 – 73 стандартының ережесіне сәйкес жеңілдетілген түрінде орындалады. Бұйымның құрамына кіретін, сатып алынатын және бұрыннан бар тетіктердің сызбасы шартты түрде орындалады.
Жұмыс сызбасы. Бұйым құрамына кіретін тетіктердің барлығына жұмыс сызбасы жеке пішімде орындалады. Тетіктің кескіні, тілік және қима орындалып, өлшем қойылады. Ауытқу, тетіктің кедер-бұдырлығы тағыда басқа мағұлыматтар келтіріледі. Негізгі жазуда тетіктің массасы және аталуы жазылады.
Құрастыру сызбасы. МЕСТ 2.109 – 73 стандарттың ережесіне сәйкес құрастыру сызбасы орындалады. Құрастыру сызба құрастыру бөліктерінің өзара орналасуын және байланысын көрсетеді. Сонымен қатар құрастыру бірліктердің орналасуын және бақылауға мүмкіндік береді.
Құрастыру сызбасын орындауда МЕСТ 2.315 – 79 (Біріктіру тетіктердің жеңілдетілген және шартты кескіні) стандарттың ережесі сақталып орындалады. Әртүрлі уақ элементтер, сонымен қатар сырықпен тесіктің арасындағы саңылау сызбада орындалмайды. Қатарлас тетіктерде тілік және қима сызықшаланғанда олардың бағытын қарама қарсы не сызықшалардың ара қашықтығын өзгертіп орындалады. Бұрандама, бұрама, бұрамасұқпа, сомын, тығырық, штифт, кілтек, тұтас білік, шатун, шпиндел сияқты тетіктер ұзынынан қиғанда олар сызықшаланбайды.
Құрастыру сызбада, бұйымның құрамына кіретін құрама бірлік, тетіктерге міндетті түрде айқындама номері қойылады. Айқындама номерін қою үшін, шығару сызығы орындалып, оның бір жағына нүкте екінші жағына сөре орындап, оның үстіне номер жазылады. Айқындама номерлер сызбадан шет бір деңгейде және бір не екі қарып үлкен жазылады. Құрастыру сызбаға ауқым, біріктіру және қондырғы өлшемдері қойылады. Содан кейін бұйымның құрамын анықтайтын тізім жасалады. Оны сипаттізім деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет