Бірінші ағымдық бақылауға қайталау сұрақтары



Дата03.11.2023
өлшемі19,87 Kb.
#121716

Бірінші ағымдық бақылауға қайталау сұрақтары

  1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Археологиялық, геологиялық, антропологиялық кезеңдеу.

  2. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Олардың орналасу ерекшеліктері. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.

  3. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.

  4. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы.

  5. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері.

  6. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

  7. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.

  8. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі.

  9. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.

Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.

  1. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).

  2. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.

  3. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.

  4. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі.

  5. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. Б.з.б. ІІ- б.з. V ғ.бірінші үштігіндегі қаңлылардың тарағанаумағы мен қоныстанған жерлері.

  6. Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)

  7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.

  8. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы және Шығыс Аралмаңы аумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуындағы маңызы.

  9. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері.

  10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.

  11. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.

  12. Оғыздардың этникалық тарихы мәселесі.

  13. Қараханидтер.

  14. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы.

  15. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).

  16. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы.

  17. Алтын Орданың құрылуы. Алтын Орда билеушілері.Алтын Орданың әлсіреуі және күйреуі

  18. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XV ғ. басы) жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш мемлекет. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары.


  19. Моғолстан. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Уәйіс хан және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы.

  20. Шағатай мемлекетінің құрылуы. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.

  21. Батыс Түрік қағанаты.

  22. Түргештердің шығу тегі мәселесі. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.).

  23. ІХ-ХІІ ғғ.Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы.

  24. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы.

  25. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде.

  26. (Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.

  27. Ұлы жібек жолындағы Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Ақша айналымы.

  28. Түркі-иран-араб мәдени синтезі: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мақмұд Қашқари, Ахмет Яссауийлердің мұраларының әлем мәдениетінде алатын орны.

  29. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында

  30. Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. Алтын Орданың әлсіреуі және күйреуі.

  31. Темірдің Моғолстанға жорықтары. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы. Моғолстанның Темірге тәуелділігі.

  32. Алтын Орданың Мамлюк мемлекетімен этносаяси және елшілік байланыстары.

  33. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі.

  34. . Ноғай ордасы (Маңғыт жұрты) – XIV ғ. соңы – XV ғ. аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.

  35. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.

  36. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер.

  37. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы.

  38. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны.

  39. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.

  40. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.

  41. Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.

  42. .Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

  43. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.

  44. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар.

  45. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.

  46. Халық ауыз шығармашылығы. Данагөйлер мен ақын-жыраулар: Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар.

  47. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғ. – XVIII ғ. басында мәдениеттің кері кетуі, оның себептері.

  48. Қазақ хандарының шығу тегі мәселелері. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.

  49. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар.

  50. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы.

  51. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері.

  52. Жоңғар мемлекетінің қалыптасуы. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  53. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.

  54. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. «Белгісіз жылдар» кезеңі. 1652-1680 жж. Сайрам соғысы.

  55. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары

  56. Тарихты ауызша айту (тарихи дәстүр), оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет