2. Тілдің дамуы жайлы не білесіз? Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.
Қосымша әдебиеттер тізімі: 7,9,37,40,43
10- дәріс Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДАМУЫ 1. Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы
2. Тілдердің өзара байланысы
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер меи Гумбольдтың ұстанған бағыты тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияга (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс пен салаларының заңдылықтарына байланысты. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.
Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу. субстрат. адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз техникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз - жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халыктардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің тоғысуы дегеніміз не?
2. Тоғысу. субстрат. адстрат, суперстрат терминдеріне түсінік беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер тізімі1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі; 1,9,28,46,52
11 – дәріс Тақырыбы: ЖАЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жазудың тарихы
Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні
Жазудың түрлері
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың түрлері: шумер жазуы. көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жазуы, кункумжазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, усарит жазуы, арамен жазуы, манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит деп аталады.
Графика-белгіді бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе
белгілеу тәсілдерінің жиынтығы.
Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді.Қазіргі уақытта
дұрыс жазу үшін 2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке
сүйенеміз.
Бақылау сұрақтары:
Жазудың тарихы
Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні
Жазудың түрлеріне мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер тізімі 1,5,6
Қосымша әдебиеттер тізімі 2,8,10,21.