Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет11/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
МҰСЫЛМАНДЫҚТЫҢ БЕЛПСІ

Жаратқан  Құдірет,  Жасаған  Ием  о  басында  Адам  Ата  мен  Хауа

Ананы дүниеге келтірген де, бұл ұлы ата-анамыздың тал бойында бір

мін болмаған. Артығы да жоқ, кемі де жоқ. Адам баласы шексіз шебер

Құдіреттің  күшімен,  шексіз  даналығымен  жаратылған.  Адамның

мүсінінен қандай мін табасыз? Құлағы артық па? Қолы, аяғы артық па?

Бəрі-бəрі орын-орнында тұр.

Адамның  жаратылысы  дүние-əлемнің  жаратылысындай  мүлтіксіз

қиюласқан.  Қазір  инженер  деп  жүргендеріміз  машина  жасайды,  сағат

жасайды.  Қырып-жою  құралдарын  жасауда  мол  табысқа  жетті.  Ал

бірақ  Адамды  жасау  үлгісі  бар  болса  да,  адамды  жасай  алмайды.

Роботтың  жаны  жоқ,  сезімі  жоқ.  Қуана  білмейді,  қайғыра  білмейді,

армандай алмайды.

Ендеше,  Құдайдан  құдіретті  ешкім  де,  еш  нəрсе  де  жоқ.  Ал  енді,

келе-келе,  адамдар  адамның  жаратылысынан,  мүсінінен  кемшілік

тауыпты. Адамзаттың бəрі емес, едəуір бөлігі.

Сөйтсе,  олардың  ойынша,  еркек  адамның  мүшелерінде,  дəлдеп

айтқанда,  бір  ғана  мүшесінде,  тағы  да  дəлірек  айтқанда,  еркектік




белгісінде  құйтақандай  кінарат  бар  екен.  Еркектік  белгі  бүрік  екен.

Бүрік етіп тұрған – тырнақтай ғана тері екен.

Сол  тырнақтай  теріні  өткір  ұстарамен  шертіп  жіберіп,  кесіп

тастаса, сауап болады екен. Əйтпесе, үлкен күнə! Ол күнəнің жазасын

əсіресе о дүниеге барғанда қатты тартатын көрінесің. О дүниеде мəңгі-

бақи  тозақта  ойбайлағанша,  осы  дүниеде-ақ  тыз  етпе  бір  ауырғанға

шыдасаң – мойнындағы зіл батпан қарыздан құтылғаның.

Айша осыны қатты уайымдайды екен. Қиын болғанда, Мыңбұлақта

бала  «піштіретін»  маман  жоқ.  Бұрын  заман  тынышта,  Түркістан

жақтан  жылда  бір  келіп,  «піштіру»  науқанын  жүргізіп,  мал  жинап

қайтатын Қара қожа да келмей қойды.

Мұртазасы болса, Айшаға уайым түспес еді. Баласын сүндеттету –

əкенің парызы. Бірақ Мұртазаның міндетін Айша өз мойнына жүктеп

алған. Тағдыр солай ұйғарды. Көнбеске амал жоқ.

Бердімбет  сайының  сəні  кетіп,  гүлдер  солып,  көбелек  қуған

қарлығаш  ұшпай,  оның  орнына  шұбатылып  мизам  ұшқан  шақ.  Сірə,

қырық екіншінің қоңыр күзі.

Қырсық қара биеден қалған бурыл тайдың үстінде бір жамбастап,

сайдың  ажырық  отына  жайылып  жүрген  жылқыға  қарап,  сүлесоқ

отырғанымда, ойда жоқта алқын-жұлқын Айша жетіп келді.

− Əй, Барсхан, əйда, жүр үйге, — деді.

− Не болып қалды?

− Кейін айтам, жүр, жүр.

− Жылқыны қайтем?

− Тасбет бригəт қазір басқа адам жібереді.

Айшаның  айтқанын  істемей  көр.  О,  оны  сіздер  білмейсіздер.  Ол

бурыл тайдың үстінде жарбиып отырған мен тұрмақ, зіңгіттей Тасбет

маңқаның өзін аттың үстінен түсірген. Тасбеттің өзінен де бар. Дереу




тілдейді. Атаңа нəлет дейді. Құлақтың қатыны дейді. Халық жауының

қатыны дейді. Айша бір шыдайды, екі шыдайды, тіптен болмаған соң,

Қызыл  қырманның  басында,  шаршы  топтың  көзінше  Тасбетті  аттың

үстінен тулақтай жұлып түсірген ғой. Тасбет сотқа бермекші болыпты.

Ел жиылып, қой-қойлап əрең басыпты.

Үйге  келген  соң  Айша  дəу  қара  қазанға  су  жылытып,  мені  əбден

шомылдырды.  Қара  сабынды  аяған  жоқ.  Бөз  де  болса,  таза  көйлек

кигізді.  Əлі  күн  жылы  еді,  сонда  да  құрақ  сары  күпəйкемді,  ақ  қоян

құлақшынымды кигізді.

Не екенін түсінбеймін, қарындасым мен інім де аң-таң. Сірə, мені

тойға барады десе керек, біз де барайықшы деп қыңқылдасты.

Айша оларға «тəйт» деп тастады.

Əлдеқалай қашып кетпесін дегендей, қолымнан қысып ұстап алып,

дедектетіп, талай сайлардан етіп, басқарманың үйіне жетті.




Жуанқұл бастықты күнде қарғап-сілеп, иттің етінен жек көруші еді,

енді мұнысы несі деп түсінбедім.

Үйге  кірсек,  қауқылдасып  шалдар  отыр,  сампылдасып  кемпірлер

отыр. Мені көріп бəрі де:

−  О,  Барсхан  келді,  Барсхан  келді!  –  деп,  дəл  бір  Барсхан  емес,

Бауыржан келгендей дуылдасты.

Сөйтсем,  төрде  қаз-қатар  болып,  тізіліп  көп  бала  жатыр:

Қорғанбай,  Боранбай,  Қуанышбай,  Аманбай,  Өсер,  Тілепалды,

Сүлеймен...

Сүйек  қажаған  сиырдай,  ауыздарына  құрт  салып,  малжандасып

жатыр.

Біле  қойдым.  «Піштіреді»  екен.  Айшаның  қолынан  жұлқынып



шығып  тұра  қашайын  деп  едім,  шыға  алмадым.  «Босат»,  –  деп

ышқынып едім, үй толы адам:

− Ой, Барсхан батыр ғой!

−  Ой,  ол  жазда  элеваторға  бидай  тасығанда  Евгеньевканың  бұзық

балаларымен қорықпай төбелескен!

−  Ой,  ол  Салбидің  қабаған  итінің  жағын  айырып  тастаған!  –  деп,

мені мақтайды – ай шетінен.

Қашып  кетуге  бет  қалмады.  Амал  жоқ,  қаздай  тізілгендердің

қатарына мен де барып жаттым.

Қырғыздан келген «хирург» небір күлдіргі əңгіме айтып, шаруасын

да  тындырып  жүр.  Сол  əңгімесін  тыңдап  жатып,  менің  де

«шаруамның» біткенін байқамай қалыппын. Тек киіз күйдіріп басқаны

жаныма  қатты  батты  білем,  қырғыз  «хирургты»  айқайлап  боқтап

жіберіппін. Өйтпесе «хирург» бола ма:

− О, батыр екенсің, тентек екенсің да, – деп күлді.



Көзім түсіп кетіп еді, Айша жылап тұр екен. Кім біледі, қарызынан

құтылғанына  қуанғаны  шығар:  «Баламды  кəпір  қылдырдың-ау»  деп,

енді  оған  түсінде  Мұртаза  налымайтын  болар,  рухы  риза  болған

шығар. Айша аруақтан ғана қорқады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет