Ленге
р
жаршысы
апталық тәуелсiз газет
№ 18
(454)
19
сәуір
2014 жыл
“Бірлік бар жерде, тірлік бар” Төлеби
e-mail: 1lenger@mail.ru
Ардагерлерді ардақтайық
Ауданымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлердің, тыл ардагерлерін,көп балалы батыр
аналарды және 90 жастан асқан әжелерімізді үйлеріне барып, қал- жағдайларын біліп,
сыйлықтар тапсырды.
Ұлы Отан соғысының ардагері
Шадманов Абдилхамит, тыл арда-
герлері Махамбеталиев Қалмырза,
Жанұзақов Арғынбай, Мырзатаев
Құрбанәлі, көп балалы батыр ана
Мырзатаева Ханбуби, 90 жастан
асқан Габдулина Назым әжеміз осын
дай қамқорлық танытып, көңілдерін
бөлгендеріне «Нұр Отан» партиясы
Төлеби аудандық филиалының
төрағасының бірінші орынбасары
Қансейітов Қуанышбек пен аудан
дық маслихат депутаты Қансеитов
Ғалиға ыстық ықыластары мен
өздерінің алғыстарын айтты.
“Ленгер жаршысы”
Жиын тақырыбы -
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
арналған Жолдауын насихаттау жөніндегі дөңгелек үстел
аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтті. Оған аудан
прокурорының көмекшісі Н.Байзақов, қала, ауылдық округ маман-
дары, аудандық насихаттық топ мүшелері, БАҚ өкілдері
қатысты.
Бірінші болып сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Ж.Абдиев, регламенті ұсыныспен бекітіп алып, аудандық ақпараттық
насихаттық топ мүшелерінің жұмысымен таныстырды.
Аудан аумағында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында 2014 жылдың
21 қаңтарында аудан әкімінің №8 өкімімен 4 ақпараттық -насихаттық
тобы (құрамында 31 адам) құрылып, кездесу кестесі бекітілген. Кездесу
кестесіне сәйкес 15 елді мекенде кездесулер ұйымдастырылды. Одан
өзге қала, ауылдық округтерде құралған 15 насихат тобы әр елді мекен-
дерде кездесулер өткізді. Өткізілген 54 кездесуге 5 мыңнан астам тұрғын
қатысты.
Облыстық 13-ші ақпараттық насихаттық топ мүшелері облыстық
құрылыс басқармасының басшысы Е.Дауылбаев, иран-этномәдени
орталығының төрағасы Н.Капар-Пур аудан тұрғындарымен кездесіп,
Жолдаудың басым бағыттары жөнінде баяндады. Кездесуге 350 адам
қатысты.
Республикалық ақпараттық насихаттық топ Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаты Қ.А.Айтаханов, Қазақстан Республи-
касы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Б.Ертаев аудан
тұрғындарымен кездесті. Депутаттармен кездесуге аудан тұрғындарының
745 қатысты.
Елбасы Жолдауын қолдау бағытында арнайы «Елбасы Жолдауына-
төлебиліктер қолдауы», «Жолдауға қолдау» атты айдарлар ашылып, 32
мақала жарық көрді, облыстық арналарда 12 сюджет көрсетіліп, ауданның
көрнекі жерлеріне 20 билборд дайындалып ілінді.
Осы орайда Жолдауға орай өз ойын білдіру үшін сөз «Шамшырақ»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы ӘлішерУсмановқа берілді.
Ә.Усманов Жолдаудың басым бағыттары мен ауданда атқарылып
жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды. Қалыптасқан Қазақстан –
мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық
қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен
халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы екендігін, бүгінгі күні осы
құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналғанын, сол кез-
дері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болғанын. Енді біздің ортақ
күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгергенін
айтып өтті.
Келесі сөз кезегін күрді ұлттық мәдени орталығының өкілі, насихаттық
топ мүшесі Т.Алиев алды.
Ол өз сөзінде біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері
мен өзіндік ұстанымы бар табысты бүкіл әлем танитын мемлекет екені-
мізді, біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түскенін. Ел 20 жыл бойы еге-
мендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істегенін, 20 жыл
өткен соң бұл мақсатқа қол жеткенін. Қалыптасу кезеңі табысты
аяқталғанын, аудан тұрғындары Жолдауға ұлттар достығы арқылы үлкен
үлес қосып отырғандығын айтты.
Қазақстан жом директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
насихаттық топ мүшесі М. Әліпбеков, мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің инспекторы Ж.Амангельдиев, Киелітас ауылдық округінің бас
маманы Ә.Оспанов, жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Зұлытбекова Елбасы Жолдауына орай
атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.
Аудан прокурорының көмекшісі Н.Байзақов жиынға қатысушылардан
Жолдаудан туындаған және ауданда құқық қорғау саласы бойынша
атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқтала кетіп, қойылған
сұрақтарға жауап берді.
М.Хангельдиева,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы
Еліміздегі мүгедектігі бар тұлғалардың
өмір сапасын жақсартудағы алдағы
уақытта қабылданатын мемлекеттік
бағдарламалардың алғашқы қадамы
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республика
сының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «мүмкіндігі
шектеулі азамат тарымызға көбірек көңіл бөлу
керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа
айналуға тиіс. Қамқорлық көрсетуге тиіс адамдар,
бізде аз емес – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы
біздің парызымыз» деп ерекше атап өткен.
Аталған міндеттер мемлекетіміз үшін 2008 жылдың
желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ-ң мүгедектердің құқықтары туралы
Конвенциясына қол қойылғаннан бастап өзекті мәселе
лердің бірі болып табылады.
БҰҰ-ң мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялау мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкметінің 2014 жылғы 26 нарыздағы №254 Қаулысымен бекітіл-
ген «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтама сыз
ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарының екінші кезеңі» (бұдан әрі-Жоспар) «Гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып,
мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасы бойынша іріктеме тексерулер ұйымдастыру
және өткізу» атты 56-тармағын орындау мақсатында статистика органдары жоғарғы
деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын бастап кетті. Атап айтсақ, аталған жұмыстарды мер-
зімінде және сапалы орындау үшін ОҚО Статистика департаментінде келісім-шартпен
сұхбатшылар қабылданып, олар тиісті жұмыс құралдарымен, нұсқаулық тармен
қамтамасыз етіліп, түсіндірме жұмыстары және «он-лайн» режимінде вебинарлар өткізілді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мүгедектігі бар тұлғалардың жағдайы туралы ресми
статистикалық ақпарат жоқ болуын ескере отырып, ағымдағы жылдың мамыр айында
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігімен гендерлік ерекшелігі есебімен
мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сапасы бойынша іріктемелі зерттеу өткізу жоспарланып,
жоғарыда аталған Жоспарға 56-тармақ ретінде енгізілген.
Статистика органдары осы зерттеудің маңызы мен жалпы мүгедектігі бар тұлғалардың
жағдайын жақсартуға ықпал тигізетін мүмкіндігін, сондай-ақ алғаш рет өткізілуін ескере от-
ырып, Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды, Сізге тұрғын үй жағдайына, білім мен
денсаулықтың жағдайына, еңбек етуіңізге, бос уақытыңызды өткізуге және қоғамдық өмірге
араласуыңызға қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады сол себептен, жергілікті стати-
стика органдарынан келген сұхбатшыларға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда сақталатынына және тек статистикалық
мақсаттарға пайдаланатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз тек жиынтық статистикалық бағалау үшін қолданылады.
Жиынтық түрде бұл деректер мүгедектігі бар тұлғалардың тұрмыс сапасын жақсартуға
ықпал ететін әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде мемлекеттік
органдарға пайдалы бола алады.
Н.САРҒАЛДАҚОВ
Төлеби аудандық статистика
басқармасының басшысы
Ленгер
жаршысы
8
19 сәуір 2014 жыл
Ленгер
Редактор
Ботагөз ПЕРНЕҚҰЛОВА
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлігінде
2007 жылдың 6 тамызында тіркеліп, №8576-Г куәлігі берілген.
Авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті пікірі болып табылмайды. Әдеби
қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды.
Жарнама үшін жарнама беруші жауапты.
Газет редакцияның компьютер
орталығында теріліп, „АР-принт“ баспаха-
насында басылды. Мекен-жайы: Шымкент
қаласы, Тәшенов көшесі, 24 үй.
Редакцияның мекен жайы:
161100, Ленгер қаласы, Қазыбек
би көшесі, 53/2. Тел: 6-22-24.
Тапсырыс: №447
Таралымы:2000 дана.
апталық тәуелсіз газет
Меншiк иесi: “Төлеби -пресс” ЖШС
Директор
Гулж архын ОМАРХАНОВА
жаршысы
Салон красоты “У Гули”
Салон красоты “У Гули” предоставляет
клиен там различные виды услуг;
1. Татуаж
2. Услуги косметологии: а) механическая
чистка лица, б) отбеливание лица, в) сахарная
депиляция, депиляция всего тела, г) пилинг,
3. Оформление зала для всех торжеств.
4. Услуги маникюра и педикюра
5. Наращивание ногтей (акрилом, гелем,
покрытие ногтей гелевыми лаками)
6. Прокол ушей
Татуаж бровей (волоски, растушевка, сме-
шанная техника) позволяет выровнять не-
ровно растущие брови, добавить густоты,
изменить и улучшить форму роста бровей. За
счет использования различных техник татуажа бровей удается сохранить ес-
тественное визуальное восприятие;
Татуаж век (эффект карандаша, эффект теней, заполнение межреснич-
ного пространства, заполнение слизистой нижнего века, подводка - стре-
лочка) с наилучшей стороны подчеркнет или немного изменит форму ваших
глаз и позволит вам избавиться от ежедневного рутинного нанесения ма-
кияжа в области век;
Татуаж губ (изменение цвета, контур, контур с растушевкой) дает широкие
возможности по изменению формы губ, позволяет визуально уравновесить
верхнюю и нижнюю губу, придать им более насыщенную и чувственную
форму без необходимости каждодневного подкрашивания;
Татуаж родинки: добавит шарма и неповторимой выразительности ва-
шему лицу;
Контактные телефоны: 8-701-421-40-46, мастер татуажа Вахит. 6-26-
30, 8-777-284-76-83. косметолог - Сабира, 8-778-705-24-63, 8-701-890-79-
67 мастера маникюра Лола, Дана, 8-702-848-47-12 - Зарина, 6-26-30
мастера Динара, Зульфия, принимают по адресу: город Ленгер, возле
тойханы “Мерей”.
8-701-379-09-77 - Зарина город Ленгер, 6 мкрн недалеко от сш
№7.
Шлакоблок сатылады
Ленгір қаласында құрылысқа және үйдің қоршауына арналған сапалы шла-
коблоктар сатылады. Тел: 8-778-101-07-47, 8-771-140-21-46.
Көшкін кезіндегі халықтың іс-әрекеттері
туралы ЖАДЫНАМА
КӨШКІН – жылжып бара жатқан ( жылжу ) топырақтардың көлемі
және таужыныс таулардың, баурайлардың және жыралардың ,
теңіздердің тік жағаларының , көлдердің және өзендердің ықпалын
жасау астында ауыр күштердің негізінде табылады. Баурайды жуып-
шаюы, оның мол тұнбалармен ылғалдануы, жер сілкінулер немесе
адам қызметі ( жарылыс жұмыстары және т.б.) көшкін себептері
болып жиірек табылады. Көшкін кезіндегі топырақ көлемі он және
мыңнан астам текше метрлерге,ал кейбір жағдайларда оданда
көбейеді. Көшкін кезіндегі топырақ жылжуының жылдамдығы жылына
бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін көбейеді. Топырақ
көлемінің жылжуы тұрғын үйлердің және өнеркәсіптік ғимарат
тардың, инженерлік және жол құрылыстарының, магистральдік
құбырларының және электрқұрылғыларының қирауына, және адам
өліміне жол береді.
Алдын алу шаралар
Көшкіннің мүмкіндігі бар орны және көшкіннің шамалы шекарасы туралы
ақпаратты оқып біліңіз, көшкін қауіпі туралы дабылын еске сақтап және іс-
әректтерін білулеріңіз қажет. Көшкіннің жақындаған белгісі - есіктер мен
терезелердің сыналануы, көшкіннен қауіпті баурайында судың бірте-бірте
шығуы. Ондай белгілер пайда болғаннан бастап жақындағы көшкін станциа-
сына хабар беруіңіз қажет, жағадайға қарай ақпаратты күтіп жүріп іс-әрекет
жасаңыз.
Көшкін кезінде қандай іс-әрекет жасау керек
Көшкін қауіпі туралы дабылын ести салысымен электр, газ аспаптарын,
және су жүйілерін сөндіру қажет, алдын ала дайындалған жоспар бойынша
шұғыл көшуге дайындалыңыз. Көшкін станциасының анықталуы бойынша
көшкіннің жылдамдығына қарай іс-әрекет жасаңыз. Көшкіннің жылдамдығы аз
болса (айда - метр) озіңіздің мүмкіншілігіңізге қарай іс-әрекет жасаңыз. Егер
де көшкіннің жылдамдығы тәуілікте 0,5-1,0 метрден асатын болса, алдын ала
дайындалған жоспар бойынша шұғыл көшіңіз. Көшкенде өзіңізбен бірге
құжаттарды, бағалы заттарды, жағдайдың мүмкіншілігіне және әкімшіліктің
нұсқауына қарай жылы киімдер мен азық-түлік алыңыз. Шұғыл қауіпсіз жерге
көшіңіз, қажет болса, құтқарушыларға жарақаттанған адамдарды іздеп тауып
алуға, шығаруға жәрдем көрсетіңдер.
Ерғали ИСАБАЕВ,
Тоғыс су құтқару станциясы
Объявление
ИП «Суранчиев Альмухан», зарегистрированное в г. Ленгере 03.02.2010 года, серия
07915, № 0064074 сообщает о прекращении своей деятельности.
ИП «Женисхан» ЖК серия 07915, № 0061920, зарегистрированное в г. Ленгере
27.10.2009 году на имя Торебекова Женисхана Кенесбайулы, сообщает о прекращении
своей деятельности.
Утерянные документы на дом с. Зертас, ул. Еламан-Сауран № 47
1. Решение комиссии по легализации от 16.02.2007 года № 396.
2. Государственный акт на землю, кадастровый номер 19-298-029-514, выданный
20.06.2007 года.
на имя Байбориева Алихана, считать недействительными.
Установка, ремонт и продажа спутниковых антенн и кондиционеров, монтаж любой
сложности по области и району. Телефон: +7701-731-13-41 Илья.
Утерянные документы: 1) договор выкупа (№73 от 23.05.2011 г), зарегистрированный
от 08.07.2011 г на имя Бабишева Сапархана Мынжасаровича 22.01.1942 года рожде-
ния, кадастровый номер 19:298:010:856 2) Постановления акима №85 от 14.02.2011 г,
считать недействительными.
Утерянный диплом №0613370 об окончании СПТУ №7 гЛенгера, по профессии элек-
тро-монтажник на имя Балкибекова Билимжана, считать недействительным, годы
учебы 1990-1993 гг.
Хабарландыру!
Халық назарына!
Құрметті жерлестер! Беларусь Республикасының «Смолевичи Бройлер» ААҚ-ның,
Ресейдің «Приосколье» ЖАҚ-ның, «Майкопский птицекомбинат» ЖАҚ-ның, «Урал Биз-
нес» ЖШҚ-ның, «Курский Агрохолдинг» ЖАҚ-ның құсының еттерінің құрамында пато-
генді (ауыру шақыратын) микрофлораның (Salmonella enteritidis) анықталуы,
құрамындағы ылғалдың массалық үлесінің асуы, тауардың таңбалауында қазақ тілінде
болмауына байланысты және «Алина Фарма» ААҚ-ның «Лоовит Черника»
партиясының номері 80313, сақтау мерзімі 27.03.2015 жылға дейін, ақ пластикалық
бөтелкеде, салмағы 24,0 гр, «Цестон» партиясының номері 681213, сақтау мерзімі
04.12.2015 жылға дейін, ақ картон қорапшада, салмағы 9,0 гр тамаққа қосатын
биологиялық активті қоспаларында иондаушы сәулелердің артық мөлшері
анықталуына байланысты Төлеби аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы пайдалануға қатаң тыйым салынатынын хабарлайды.
Төлеби аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
Төлеби аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі Бахытжан Ка-
рыбаев Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы мем-
лекеттік басқару академиясында
білімін жетілдіру курсын аяқтап
сертификатқа ие болды. Бахыт-
жан Сманбекович соттардың
кеңсе меңгерушілері мен маман
дардың біліктілігін арттыру кур-
сын 42 сағат санында нәтижелі
аяқтап
академия
ректоры
Б.Абдрасиловтың қолынан куәлік
алды. Бахытжан Карыбаев үнемі
білімін жетілдіріп отырып, бүгінде өз ісінің білікті маманы, әріптестеріне сыйлы азамат
екенін дәлелдеді.
«Ленгер жаршысы»
Хабарландыру
Аудан әкімінің кәсіпкерлер мен инвестициялық жоба егелерімен әр тоқсанда кезде-
сулер өткізу туралы берген тапсырмасына сәйкес, 2014 жылдың 21 сәуіріне сағат 15.00
– де аудан әкімінің қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (4 қабат) 2014
жылы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында іске асатын
жобалардың егелерімен жиналыс өткізіледі.
Қала, ауылдық округте жоба бастамашыларын аталған мәжіліске қатысуға
шақырамыз. Қала, ауылдық округ әкімдерінен мәжіліске қатысушылардың тізімін
ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін аудандық кәсіпкерлік бөліміне 6-03-37, 6-16-40 не-
месе tolebi_pred@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберуін сұранамыз.
С.ДҮЙСЕБАЕВ,
Аудан әкімінің орынбасары
ПРОДАЮТСЯ
Продаются земельные участки в г Ленгер, мкр Шаңырақ. Телефон: 8-701-305-62-90.
Ленгер
жаршысы
4
19 сәуір 2014 жыл
Берері мен тәлімі мол аудандық
семинар өтті
Жуырда Мәдени жалпы орта білім беретін мектебінде «Бастауыш сынып-
тарда халықтық педогогика пайдалана отырып, шығармашыл тұлға
тәрбиелеу» тақырыбында аудандық семинар өтті. Бұл іс-шараға аудандық
әдістемелік кабинет меңгерушісі Ақмарал Жақсыбайқызы Тұрғанова мен
аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Анар Бердібекқызы
Әуелбекова және аудан мектептерінің бастауыш сыныбынан 58 мұғалім
қатысты.
Семинардың мақсаты: халықтық педогогиканы заман ағымына сәйкестендіре отырып,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу бойынша тәжірибе алмасу. Қазіргі заман ағымына қарай
сабақтарда ахлықтық педагогиканы пайдалана отырып, ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге
қабілетті, адамгершлігі мен мейірімділігі мол, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Семинар бағдарламасының жоспарына сәйкес акт залға жиналған аудан бастауыш
мұғалімдеріне мектебіміздің психологы Мейірбек Тіленшиев «Мен ғажайыппын» атты
психологиялық тренинг өткізді. Өз тренингінде қатысушы мұғалімдерді қатыстыра отырып,
психологиялық әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланып, жоғары деңгейде өткізді.
Мектеп фойесінде бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары, іс-
қағаздары,
портфолио,
буклеттер,
қолөнер
бұйымдары
қойылған
көрме
ұйымдастырылды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талғат Әбдірайымов семинарда
сабақ өтетін мұғалімдермен және мектептің тыныс – тіршілігімен таныстырып өтті.
Семинарда 3 сынып мұғалімі Шолпан Үйсінбаева әдебиеттік оқу пәнінен «Көктем»
тақырыбында, 2 «а» сынып мұғалімі Раушан Жақсылықова математика пәнінен «Уақытты
өлшеу. Секунд» тақырыбында, 2 «б» сынып мұғалімі Жолымбек Бекмұратов әдебиеттік
оқу пәнінен «Наурыз – жыл басы» тақырыбында, 1 «а» сынып мұғалімі Гүлдана
Түркістанбаева, дүниетану пәнінен «Жеміс. Тұқым. Көкөніс» тақырыбында, 1 «б» - сынып
мұғалімі Айнұр Базарбекова математика пәнінен «Санды және әріпті өрнектер»
тақырыбында ашық сабақтар өтті. Осы мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Жан анам –
жасыл бағым» атты сыныптан тыс іс-шара өтілді.
Алмагүл Мейірбекова 4 сыныпта «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» тақырыбында сайыс
сабақ өткізді. Сайыс 6 бөлімнен тұрды. Барлық пәндер бойынша сұрақтар қамтылды.
Жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Келесі кезекте бастауыш сынып әдіскері Анар Әуелбекова семинарда өтілген барлық
іс-шараның халықтық педогогикамен тығыз байланысты екенін және жаңа технология бо-
йынша талапқа сай интерактивті тақта арқылы оқушының жан-жақты жұмыс жасап,
қызығушылық танытып білім алуына жағдай жасалғанын айтып, семинар өз дәрежесінде
жақсы өткеніне тоқталды.
Соңынан қорытынды бөлімді аудандық білім бөлімінің кабинет меңгерушісі Ақмарал
Тұрғанова сөз алып, «Дарындылықты дамыту бастауын сыныптап басталады»
тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің бастауыш
сынып әдіскері А.Әуелбекова «12 жылдық – білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы
оқуды қамтамасыз ету кепілі» тақырыбы бойынша баяндама оқыды, Осы баяндама бо-
йынша ұстаздар өзара пікір талас жасап, қорытындылады.
Мектеп директоры Сері Стамқұлов аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, аудан
мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, сонымен қатан, бастауыш сынып мұғалімдеріне өз
ризашылығын білдірді. Семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Алмагүл МЕЙІРБЕКОВА;
Мәдени жалпы орта білім беретіңн мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері
әдістемеліу бірлестігінің жетекшісі
Салық төлеушінің
(салық агентінің)
дербес шотын ашу және
жүргізу.
1.Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық
төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық
төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.
2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе
артық төлеу сомасын қамтитын есеп - қисаптар сальдосы
көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық мін-
деттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеу мет-
тік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні
ашылады. Салық төлеушінің
(салық агентінің) бересісі не-
месе артық төлеуі болмаған
жағдайда есеп - қисаптар саль-
досы нөлге тең деп есепте-
леді.
Ағымдағы жылдың алдындағы
жыл үшін дербес шоттың саль-
досы ескеріле отырып, ағымдағы
жыл үшін дербес шотта көрсетіл
ген салық, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен
қайтарылған дарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептел-
гендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық
төлем деп танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен
әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен есептеледі.
3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, мін-
детті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша
ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда
ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың
дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.
4.Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету күнін, іс-
әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс жүргізілген құжаттың
атауын көрсете отырып, есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төлен
ген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.
5.Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада
жүргізіледі.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне
сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін және (немесе) салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетел валюта-
сымен төлеуді ұсынған жағдайда, дербес шотттағы есеп мынадай
тәртіппен:
1) салық есептілігін ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың
нарықтық бағамын қолдана отырып, есептелген, кемітілген сома;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған
төлем құжаттарының негізінде төленген сома ұлттық валютада жүргізіле
ді.
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы
есептелген немесе кемітілген соманы салық есептілігі мен салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұсынған күні белгіленген
валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен дербес шотта
туындаған айырма сомаға түзетуді жүргізеді. Түзету айырмасы төлем
жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын
қолдана отырып, айқындалады.
А.ҚҰРБАНБЕКОВА,
Төлеби ауданы бойынша салық басқармасының
Есептеу,талдау және ақпаратты техгологиялар
бөлімінің бас маманы
Талдықорған қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында
Республикалық ашық турнир болып өтті. Осы жарыста қалалық спорт
мектебінің палуандары Абдрахманов Бақытжан және Байкамуров Марат
барлық қарсыластарын жеңіп алтыннан алқа тақты.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен
Халықаралық турнирде қалалық спорт мектебінің Абдрахманов Бақытжан чем-
пион атанды.
Алматы қаласында шығыс жекпе-жегінен «Алаш-Прайт» Қазақстан құрама
командасы мен дүние жүзінен құралған құрама командасы арасындағы
Халықаралық турнирде спорттың осы түрінен екі дүркін әлем чемпионы, екі
дүркін Азия чемпионы, Әлем кубогының жеңімпазы Арман Оспанов 71 келі
салмақта американдық қарсыласын 3 минут 20 секунтта тұншықтыру әдісімен
таза жеңіске жетіп алтыннан алқа тағып көк туымызды аспанға желбіретіп,
әнұранымызды аспанда қалықтатты. Бүгінгі таңда Арман Оспанов Америкада
екінші рет оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шеберлігін шыңдауда .
Тараз қаласында дзюдо күресінен жастар арасындағы Республика чемпиона-
тында облыс құрама командасының намысын қорғаған Рысбек Олжас 73кг.
салмақта қола медальға ие болды.
Қырғыстан Республикасы Бішкек қаласында самбо күресінен жасөспірімдер
арасында ірі Халықаралық турнир болып өтті. Айтулы жарыста қалалық спорт
мектебінің шәкірттері Байкамуров Марат, Абдуақас Илияс жүлделі екінші
орынға ие болса, ал Ділдахан Бекзат қола медаль иегері атанды.
Осы палуандардың ұстаздары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Жан-
пеис Жәнібекұлы Жабаев және жаттықтырушылар Сыдықұлы Серік, Сихымбаев
Нұрдаулет.
Ленгер қалалық балалар спорт мектебі
Мектеп тәрбиеленушілерінің жетістігі
Достарыңызбен бөлісу: |