Бірөлшемді массивтер. Практикалық жұмыс
♦ Бір өлшемді массивтерді қалай қолдануға болады?
♦ Физикалық тәжірибелердің деректерін бірөлшемді массивтер көмегімен қалай өңдеуге болады?
Математикада компьютер көмегімен санды тізбектерді өңдеуде бірөлшемді массивтер жиі қолданылады. Массив көмегімен санды тізбектерді компьютер жадына сақтап, қалаған уақытта тізбекті программалау көмегімен өңдеп және зерттей аламыз. Әсіресе физикалық тәжірибе нәтижелерін компьютер көмегімен өңдеуде бірөлшемді массивтерді қолдану өте ыңғайлы. Компьютер көмегімен қандай да бір тізбектелген санды, мәтіндік және т.б. біртипті деректер ауқымын кез келген массивтер көмегімен өңдеу тиімді болып саналады. Осыған орай бірнеше тапсырмаларды практикалық тұрғыдан орындауды қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |