Біртүрлі дыбыстар н/е білім қАРҒысы



Дата11.03.2022
өлшемі15,44 Kb.
#27608
түріСабақ
Байланысты:
пост қаңтар 2022


БІРТҮРЛІ ДЫБЫСТАР н/е БІЛІМ ҚАРҒЫСЫ

Егер факт тілін таңдар болсам – сіз мені жәй ғана лентада кездескендіктен оқып отырсыз, ол рас. Сіз білімді жәй ғана күн көре алу үшін оқисыз, сол үшін марапаттар аласыз, «жақсы адам» боласыз, бірақ вопрос – вопрос ретінде қалып қоя береді. Бұл біздегі 100 жылдық тенденция шығар. Біз қалайша сабақты түсінбейміз және біздің түсіндіргендерімізді оқушылар неге түсінбейді? Сізге кеңестік педагогикадан тыс жолмен айтсам: мектепте мұғалімдер әдетте тапсырма береді, оқушылардың үлгерімін тест/басқалар арқылы тексеріп, сум-форм бағаларын қояды. Ал егер оқушылар мысалға, сіздердің мұқият әзірлеген тапсырмаларыңызды меңгермегенін көрсеңіздер не істейсіздер? Ия, қайта оқытасыздар. Бұл заңдылықты Чип және Дэн Хиз 2007 жылы «білім қарғысы» деп атаған екен. Олар «Made to Stick» кітабында Элизабет Ньютон өткізген экспериментті алға тартқан.

Ньютон ойын әзірлеп, адамдарды 2 топқа бөлген: «соғушылар» (ары қарай С) һәм «тыңдаушылар» (Т). С-ларға «Туған күніңменен» сияқты танымал әндердің тізімінен біреуін таңдап, әнді соғу дыбыстары арқылы Т-ларға ойнау тапсырылған. Т-лардың міндеті – қайсы ән екенін табу.

Доктор Ньютон С-лардан Т-лардың неше рет дұрыс жауап беретінін болжауды сұрады. Олар болса Т-лардың кем дегенде әндердің жартысын табатынын болжаған. Тапсырма элементарлы көрінген, бірақ «Туған күніңменен» секілді әнді қалай танымайсың, ең танымал ән ғой?

Соғылып жатқан әнді тыңдап, оны табу оңай болып көрінді, алайда олай емес. Шындығында, тыңдаушылар тек 3-ін ғана тапты. Неліктен тыңдаушылар 120 әннің 3-ін ғана дұрыс анықтай алды? Мәселе осында. Т-лар алдын-ала қай әннің соғылатынын білмеді. Сондықтан С-лар әнді ойнауды бастаған кезде, Т-лар тек үстелге соғылып жатқан біртүрлі дыбыстарды ғана естіген. Ал С-лар қандай әнді жасырып жатқандарын білді. Олар әнді соққан кезде оны іштерінен әндеткендіктен, Т-лардың естіп тұрып танымал әнді тани алмайтындығына таңғалды.

Біздің бірнәрсені білгенде, оны білмеудің қандай болатынын түсінбегендіктен «білім қарғысы» орын алады. Елестете де алмаймыз. Ал бұл нәрсе сыныпта күн сайын орын алады: мұғалімдер теоремалар мен қағидаларды күнделікті қайталаудан шаршамайды, егер мұқияттылық жойылса, оқушылар тақтадағы біртүрлі соғылған дыбыстарды ғана ести беруін жалғастырады. Ал мұғалімдер мұны түсінбей одан да қаттырақ соға бастайды: әбедте, мектепке дейін&кейін. Оқушыларға келіп, әнді әндетудің орнына соғуды жалғастыра береді.



Егер біз уақытылы оқушыларға белсенді қолдау көрсетпесек «білім қарғысынан» құтылмаймыз, біз тек оқушы тек тестті дұрыс тапсырмауын және студенттің емтиханнан құлауын күтіп отырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет