Күтілетін нәтиже: 1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. 2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды. 3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды. 4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады. 5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП. Ұлттық мүдде құндылығы: - Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу; - Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу; - Ұлттық мұраға ұқыпты қарау; - Қазақ тілінің қолдану ясын кеңейту; - Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу; - Қоғам игілігі үшін қызмет ету; - Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу; - Ұлттық мәдениетті дәріптеу;
Күтілетін нәтижесі: - Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл - Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді - Елінің тарихын құрметтейді - Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді Ұсыным - Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары
Ар-ұят құндылығы: - Академиялық адалдық қағидатын қолдау; - Адал еңбекті құрметтеу; - Сөзіне берік, ісіне адал болу; - Халқына адал қызмет ету - Әдеп нормаларын ұстану; - Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну; - Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту; - Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну.
Күтілетін нәтижесі: - Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды; - Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады; - Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды; - Достарын, сыныптастарын сыйлайды; - Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.