17 жасымда жастық шақ пен еркіндіктен ләззат алатынмын. Мені туысқаным зорлағанда «жақын адамымның қалайша бұған дәті барды?» деген сұрақ ойымнан кетпеді. Ата-анам да не істерін білмеген сияқты. Масқара болмас үшін мені сол адамға тұрмысқа беруді жөн санады. Бірақ, тоқтаусыз соққы, кемсіту, зорлық-зомбылықтан кейін өз үйіме оралдым. Күйзелістің салдарынан глаукома (көз ауру) шығып, көру қабілеті бойынша мүгедек болдым.
4 жылдан соң Қайсарды кездестірдім. Енді өмірім бақытты сәтке толы болатынына сендім. Біз бір-бірімізді жақсы көріп, болашақ сәбиімізді күтіп жүрдік. Анам біздің отбасы құруымызға қарсы болды, себебі Қайсардың да көзіне байланысты мүгедектігі бар еді. Жүктіліктің 20-аптасында менің келісімімсіз анамның өтініші бойынша дәрігерлер маған кесарево жасап, жатыр түтігімді байлап тастап, бала сүю бақытынан айырды. Осыдан кейін қалай өмір сүретінімді білмедім. Тіпті тыныс алу қиынға соқты.
Мен әлі күнге дейін балалы болуды армандаймын. Қазір сәбиім 10 жаста болар еді…".
Тірі қуыршақ сияқтымын"
Жолдасым Берік екеуміз — үшінші топтағы мүгедектігі бар адамбыз, құлағымыз дұрыс естімейді. Жұмыс жоқ, жәрдемақыға пәтер жалдап тұрамыз. Балаларыммен және енеммен бірге тұрамыз.
Ақшаның бәрі сол кісінің қолында: азық-түлік, балаларға киім алады, тұрмыстық қызмет пен пәтерақыны төлейді. Тек физикалық емес, сонымен бірге өз өмірімді толық басқара алмауыммен де мүгедекпін.
Берік ішкен сайын ұрыс-керіс басталады. Маған айғайлап, ұрып-соққаннан жеңілдей ме, білмеймін, әрдайым бір сценарий қайталанады. Бірде Берік әйнек құтымен қасымды жарды, полицияға шағымдандым. Оған ескерту жасағанымен, одан еш пайда болмады.
Одан кетуге дайын болдым. Бірақ, қайда? Не істеймін? Балаларды қалай күтіп-бағамын? Жалғыз өзім оларды асырай алмаймын, енем оған ешқашан рұқсат бермейді. Оған қалағаныңды істеуге болатын тірі қуыршақ сияқтымын. Жалғыз айырмашылығым: тамақ ішемін, дәретханаға барамын. Кейде ашуланып, жылап та аламын".