"Біздің тостақтардан кім тамақ ішкен?"-деп, ашуланды



Дата19.05.2023
өлшемі9,5 Kb.
#95336
Байланысты:
Үш аю


Үш аю.
Бір кішкентай қыз үйінен шығып кетіп, орманға барыпты. Ол орманда жүріп адасып, үйіне қайтар жолды іздеп таба алмай, сол маңдағы бір үйге келеді. Үйдің есігі шалқасынан ашық жатыр екен. Есіктен қарап, үйде ешкім жоқ екенін көреді де, үйге кіреді. Бұл үйде үш аю тұратын еді. Үлкен аю-әке, аты Михаил Иванұлы сабалақ жүнді, ортаншысы аю-ана, аты Настасья Петрқызы, кішісі қонжық-аю, оның аты Мишутка еді.
Сол кезде аюлар үйінде болмай, орманға серуендеп кеткен болатын. Үйде екі: бірі- асхана, екіншісі-жатын бөлмелер бар екен. Ас бөлмеге кірген қыз үстел үстіндегі ботқа салынған үш тостақты көреді. Біріншісі, өте үлкені әке- аюдікі, одан сәл кішілеуі ана-аюдікі, үшінші,икөк түсті тостақ қонжық аюдікі еді. Әр тостақтың жанында өзіне сай мөлшердегі үш қасықтары тұрды. Кішкентай қыз ең үлкен қасықпен-ең үлкен тостақтан, орташа қасықпен-орташа тостақтан, сосын кішкентай қасықпен-кішкентай тостақтағы ботқалардан ауыз тиіп көреді. Сонда оған ең ұнағаны, ең дәмдісі, кішкентай тостақтағы қонжық-аюдың ботқасы еді.
Демалғысы келіп, отыратын орындық іздеген қыз, үстел жанындағы үш орындықты көреді.Әрине, өлшеміне қарай, әр орындықтың өз иесі бар екені белгілі еді. Кішкене қыз олардың да бәріне қызықтап отырып көргісі келді. Үлкенінен құлады, ортаншысы рабайсыз болып шықты, кішкенесіне отырғанда ыңғайлы болғаны сонша, қуанып күліп жіберді. Көк тостақтағы ботқаны тізесіне қойып, бәрін жеп алып, орындықта отырып шайқала бастады. Орындық шыдамай сынып қалып, еденге құлады. Ол енді жатын бөлмеге барып, аюлардың төсегін қызықтап көрді. Үлкеніне жатты, ол тым кең боп шықты, ортаншысы тым биік болды. Ал, ең кішісі әрине, оған ең ыңғайлы болып шықты. Сол төсекке жатқан қыз, ұйықтап қалды. Сол уақытта, үйлеріне ашығып жеткен аюлар, тамақтарын ішпекші болды. Өз тостағын алған үлкен аю-әке де, орташа тостағын алған, ана-аю да:
"Біздің тостақтардан кім тамақ ішкен?"-деп, ашуланды.
Кішкене тостағын алған қонжық-аю да:
"Кім менің тостағымдағы ботқамды түгел тауысып жеп қойған?"-деп, жіңішке дауысымен шәңк етті.
Одан соң, орындықтарын көріп, дәл сондай күйде таңырқады. Ал, өз орындығының сынық күйін көрген қонжық-аю:
"Мұны кім сындырып тастаған?"-деп, шырылдады. Жатын бөлмедегі төсектерін көріп, екі үлкен аю ақырды. Өз төсегінде ұйықтап жатқан кішкене қызды көрген қонжық-аю, өзін біреу бауыздап жатқандай шыңғырды:
"Міне, ол! Ұстаңдар мынаны!"-деп, қызды тістемекші болды. Оянып кеткен қыз аюларды көріп, терезеге қарай тұра ұмтылды. Ашық тұрған терезеден секіріп түсіп,қаша жөнелді. "Есің барда,еліңді тап!" дегендейін, қыз үйіне барар жол есіне түскендей, зулап барады. Аюлар оны қуып жете алмады. "Қонақта болған жақсы, бірақ, өз үйіңде одан да жақсы" деген сөз осындайда айтылса керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет