Қазіргі таңда геодезиялық жұмыстарда теодолит аспабынсыз бұрыштарды өлшеу мүмкін емес. Бұл аспап жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда пайдаланылады. Осы құрал арқылы горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Сонымен қатар аспаптың көлемі үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Бұл аспап адамның уақытын үнемдейді және жұмыс барысында адамға көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туғызады.
Осы бизнес жоспар жаңа форматтағы, қол жетімді және жаңартылған жоғары дәлдіктегі теодолиттерді өңдіретін цех ашуды көздейді.