Бизнесті бастаудың басты міндеті-клиенттерге қызмет көрсетудің өзіндік стилін құру. Бүгінгі таңда көптеген келушілер сапалы қызмет алуға тырысады.
Залдағы атмосфераның өзгеше болуы өте маңызды ,сол себепті залдын дизайны мен концепциясы ерекше жаңа түрін құру.
Интернет-кафе құра отырып, бөлмені аймақтарға бөлу керек: компьютерлері бар жалпы зал, достарымен сөйлесуге ыңғайлы орындықтары бар кафе, қызмет көрсету орталығы.
Интернет-кафені ашқанда, орынды мұқият таңдап, жарнама, жарнамалық акцияларды өткізу керек. Келушілерді тек қызмет көрсету стилін жасау арқылы қызықтыра аласыз.
Сіздің жобаңыз үшін қажетті жабдықтар тізімін (инвестициялар) жасаңыз.
Ұйымдастырушылық-құқықтық формалардан жеке меншік ұйымды таңдаған дұрыс,себебі бұл құжаттарды рәсімдеумен бухгалтерия жұмыстарын жеңілдетеді.
Бизнес-жоспардың келесі тармағы-интернет-кафе қызметкерлері: басқарушы- директор кафе, администратор IT-мамандар (жүйелік әкімшілер), операторлар (интернет желісі бойынша навигаторлар), бухгалтер, ресепшн жұмысшылары, көшіру орталығының операторлары, бармендер, қызмет көрсетуші персонал және күзетшілер.
Қызметкерлердің жалпы штаты 580 мың айлық қоры бар 17 адамды құрайды.
Директор жеке кәсіпкер болып табылады және барлық істерді өзі тәуекел ете отырып жұмыс жасайды,қызметкерлерді жұмыс үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді, әкімшіліктермен, билік органдарымен байланысады және салық органдарымен, СЭС және бизнес бойынша серіктестермен, бухгалтерлік есептілікті өзі жүргізеді немесе бұл жұмысты кәсіби бухгалтерга сеніп тапсыра алады.
Тікелей клиенттермен қарым қатынасты және жұмысты әкімші жүргізеді.Бас әкімші жұмысшылар қызметін бақылайды және сервермен жұмыс станцияларының жұмысын бақылайды.Технологиямен желіге қатысты барлық мәселелерді шешеді.
Күзет интернет-кафеде келушілерді, тәртіпті бақылауы керек штаттан тыс жағдайды (өрт, шабуыл, қоғамдық тәртіпті бұзу)Күзет агенттігі қызметкерлерінің дабылы арқылы көмекке шақырады.