Бизнес-ойлау психологиясы


) «Бәсекелестер» жетінші блогы



бет157/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

7) «Бәсекелестер» жетінші блогы
  • Негізгі қатысушылар, қазіргі таңдағы олардың алатын орны сияқты нарықтағы жағдай туралы толық баяндаңыз. Осы жерде жобаңызды барынша асыра сипаттағаныңыз жөн, алайда ешкімді де кемсітіп көрсетпеңіз: әлеуетті инвесторлар бәсекелестеріңіздің кемшін тұстарын емес, сіздің жұмысыңыздың қаншалықты жақсы екендігін білгісі келеді.


  • Мысалы: «А» компаниясы дүкендерге қанша нан жеткізеді, қаншалықты жиі әкеледі және олардан сіздің бәсекелестік тұрғыдағы артықшылығыңыз қандай?




  • 8) «Команда» сегізінші блогы
  • Командаңыздың басты тұлғалары: басқарушы, наубайшылар, сатушы-кассирлер туралы баяндап беріңіз. Егер инвесторларыңыз болса, олар туралы да айтуды ұмытпаңыз. Барлығын тізбелеп айтудың қажеті жоқ, ең басты адамдарды және олардың осы жобада жасап жатқан қызметтері туралы айтсаңыз жеткілікті. Ең мықты аргумент – олардың тәжірибесі. Егер олардың аты-жөндерін көпшілік білмесе, қамығудың қажеті шамалы: егер сіз Facebook немесе YouTube арналарының негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, онда қаржыландыру көздерін іздеудің де керегі болмас еді. Бұл кезеңдегі мақсатыңыз – өзіңіз қызмет ететін нарық саласын игеру үшін тәжірибеңіз бен біліміңіздің жететінін көрсету. Әркімнің-ақ осал тұстары болады – мінсіз стартаптар болмайды, ең бастысы кемшіліктеріңізді көріп, оларды барынша дұрыстау болып табылады.




  • 9) «Қаржы» тоғызыншы блогы
  • Алдағы үш-бес жылға арналған жоспарыңызбен бөлісіңіз, әлеуетті табысты ғана емес, сонымен бірге сату коэффициенті немесе жарнаманың тиімділік көрсеткіші сияқты маңызды ақпарат туралы баяндаңыз. Сатудың ұзақ мерзімді циклдары мен маусымдық факторлар туралы айтуды да естен шығармаңыз. Инвесторлар болжамдарыңызға негіз болған факторларды түсінулері керек, бұл сандар сияқты өте маңызды ақпарат.


  • Мысалы: ассортиментті кеңейтуді, жаңа дүкендерге шығу жолдарыңызды қалай жоспарлайсыз?






  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет