Бизнес-ойлау психологиясы


Тақырып 4.7. ОНЛАЙН АРНАЛАР



бет64/188
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#127942
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   188
Байланысты:
Бизнес-ойлау психологиясы-emirsaba.org

Тақырып 4.7. ОНЛАЙН АРНАЛАР


  1. Интернет-маркетинг арнасын қалай таңдауға болады?


  2. Онлайн алға жылжыту арналары дегеніміз не?


  3. Интернет маркетинг арналарының ерекшеліктері;


  4. Өздік жұмыстың тапсырмасы



  5. ИНТЕРНЕТ-МАРКЕТИНГ АРНАСЫН ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?
  6. Интернет-маркетинг арнасын таңдағанда, өзіңіздің мақсатты аудиторияңызға және өніміңізге сүйену керек. Сіз өз клиентіңіздің портретін қалай құрғаныныңызды және оған есім бергеніңізді есіңізге түсіріңіз (мысалы, Серік). Өзіңізге сұрақ қойыңыз: Серік ақпаратты қалай іздейді? Қандай сайттар мен әлеуметтік желілерді ұнатады? Сіз бұл туралы әлеуетті клиенттеріңізден тікелей сұрай аласыз немесе Интернеттегі статистикалық ақпаратты қарауға болады.


  7. Сіз сондай-ақ өзіңізді клиентіңіздің орнына қоя аласыз. Мысалы, сіздің жаңа терезе қойғыңыз келді. Сіз не істейсіз? Интернеттте іздеу терезесіне "терезе орнату" деп жазып, бірнеше сайтқа кіруіңіз мүмкін. Сайтта сіз материалдар, дайындау мерзімі туралы ақпараттың қайда жақсы көрсетілгенін, онда сізге сәйкес келетін оңтайлы нұсқаны таңдай аласыз. Сондықтан терезелерді сату үшін оңтайлы онлайн-алға бастыру арнасы сайт болады және онымен бірінші кезекте айналысу керек: контентпен және дизайнмен жұмыс істеу, оны іздеуді оңтайландыру қажет. Егер сіз балмұздақ сатсаңыз, сайт қажет емес – сіз ешуақытта балмұздақ өндірушінің сайтына кіріп, оның құрамын немесе технологиясын іздеп оқыған жоқсыз ғой. Сондықтан балмұздақ өндіруші үшін балмұздақтың фотосуреттері, балалардың мәз-мейрам болған жүздері және т. б. бейнеленген әлеуметтік желілер қолайлы. Егер сізде техникалық қызмет көрсету бекеті (ТҚКБ) болса, онда клиенттердің сізді әлеуметтік желіден немесе сайт арқылы іздемейтіні анық. Олар жай ғана 2GIS немесе OLX "ТҚКБ" деп жазады. Сондықтан сіз осындай сервистерде ұсынылуыңыз туралы алаңдауыңыз керек.







  8. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет